VIII Программа подготовки и переподготовки по казахскому языку
Адрес Костанайского государственного университета имени А. Байтурсынова:
11 00 00 , Республика Казахстан, г. Костанай, проспект Абая , 28 ( корпус № 3).
раб. тел. 8 (7142) 55 85 69
E-mail: www.ksu.edu.kz
prof.raz.ksu@gmail.com
VIII Білім беру бағдарламасы
8.1 Мемлекеттік тілді оқытуға арналған (В1 деңгей) курс
Жалпы сағат саны: 72 сағат.
Оқыту мерзімі – 6 ай (қазан, қараша, желтоқсан, ақпан, наурыз, сәуір)
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Испандиярова Айнұр Төлегенқызы, оқытушы Шаматова Бахытгүл Ахмедьярқызы
Бақылау түрі – сынақ
Мақсаты: Тыңдаушылардың күнделікті ресми-іскери қарым-қатынасында мемлекеттік тілде өз ойын еркін баяндау, күнделікті тұрмысқа, мамандықтарына қажетті термин сөздерді меңгерту, оларды тиімді қолдана білуге үйрету, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Міндеті: Тілді меңгерту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану; білім алушылардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру.
Тыңдалым: Мәтіннің, баяндаманың, хабарламаның, теледидар мен радиодан берілген саяси-әлеуметтік мазмұндағы шағын хабарлардың мазмұнын түсіну,негізгі қажетті ақпаратты ала білу, өтілген тақырыптағы әңгімені ашық айыра білу.
Оқылым: Мәтінді, қандай да бір ақпаратты түсінікті, таза оқу дағдысы. Электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап қажетті мәліметтерді алу.
Айтылым: Оқыған мәтін мазмұнын еркін тілде айтуға дағдылану, диалогқа, ресми-іскери мазмұндағы сұхбатқа белсенді қатысу, қойылған сұраққа мүмкіндігінше кідіріссіз жауап беру, өз ойын, көзқарасын толыққанды жеткізе білу дағдысы.
Жазылым: тақырып бойынша өзінің жеке стилінде түсінікті әрі логикалық жүйеде қосымша мәліметтермен, мысалдармен толықтырып мәтін жаза білу ептілігі. Тақырыптар мен тақырыпшалар аясындағы нақты жағдайларды немесе таныс заттарды сипаттап жаза білу.
Материалдық-техникалық база: жабдықталған дәрісхана.
Күтілетін нәтиже: Студенттер курс барысында ресми тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін, сонымен қатар грамматикалық категорияларды меңгеріп, өз бетінше сөйлем құрып, өз ойын, еркін тілде айта біледі. Дайын күйіндегі шағын мәтіндерді түсініп, мазмұнын бірден айту. Берілген тақырып бойынша пікірталасқа түсіп, сұрақ-жауаптарға нақты жауап береді.
Сабақтардың тақырыптары |
Сәлем - сөздің анасы. Сәлемдесу. Шақыру. Өтініш. Келісу, келіспейу. Кешірім сұрау. Өкіну. Қуану. Алғыс айту. Қоштасу. Жағдаяттық сұхбат- тар. Танысу. Өзің туралы айтып бер. Сен кімсің? Қолыңнан не келеді? Не істей аласың? Сұхбат тасу. Отбасы – сөзінің керемет мағынасы. Отбасылық дәстүрлер. Сұхбат – мәтін.Отбасы күні мерекесі керек пе? Пікір – сайыс сабағы. Ән үйренеміз «Ана». Қарым – қатынас және сөз мәдениеті. Мереке күндері. Мерекеңіз құтты болсын! Құттықтау хатын толтыру. Ауызша құттықтау. Телефонмен сөйлесу.Ситуациялар арқылы сұхбаттасу. Қала ішін бағдарлау. Көлікте.Рольдік ойындар. Мінез және келбет Киім. Адамның сыртқы келбеті, мінез- құлқы. Сұхбат – мәтін. Уақыт-алтыннан қымбат. Уақыт. Жұмыс күні. Тәулік. Апта. Менің бір күнім. Сұхбат – мәтін.Уақыттың жаулары Тәні саудың – жаны сау. Салауатты өмір сүрейік.Сайыс сабағы. Демалыс күндері. Менің қызығушылығым. Сұхбат – мәтін. Салтын білмеген сауапты түсінбейді. Қазақтың ұлттық салт -дәстүр лері.«Мұны білгенің жөн» Көрініс сабағы. Қазақ дастарханы. Бейнесабақ. Киім үлгілері Бейнесабақ. Ұлттық ойындар Ойын сабағы. Отан – оттан да ыстық. Жаңа әлем - дегі жаңа Қазақстан Телехабар сабағы.Отан туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер. Сөз жарысы сабағы.Атамекен.Ән сабағы (әндерді тыңдау, орындау, талдау). Мен және қоршаған орта. Мен таңдаған мамандық. Менің досым. Менің тобым. Интервью сабағы.Университетте. Білім орталығында. Сұхбаттасу. |
Білім беру бағдарламасы
8.2 Мемлекеттік тілді оқытуға арналған (В2 деңгей) курс
Жалпы сағат саны: 72 сағат.
Оқыту мерзімі – 6 ай (қазан, қараша, желтоқсан, ақпан, наурыз, сәуір)
Бағдарлама жетекшісі: оқытушы, филология ғылымдарының магистрі Кушкинбаева Қарлыға Теміржанқызы
Бақылау түрі – сынақ.
Мақсаты: Тіл үйренушілерді өз ойларын жетік жеткізе алуға, қарым-қатынас құралдардың түрлерін меңгере білуге, өз мамандығы бойынша мәлімет айтуға, қоғамдық орындарда сөйлесе білуді үйрету.
Міндеті: Тілді меңгерту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану; білім алушылардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру.
Материалдық-техникалық база: жабдықталған дәрісхана.
Күтілетін нәтиже: күнбелікті тілдесім лексикасын байытады, ресми тілде сөйлесу, қоғамдық орындарда мәдени сөйлесімді игереді.
Сабақтардың тақырыптары |
Сәлем – сөздің анасы. Танысу рәсімі Танысу. Әдеп ережелері. Өзі жайлы баяндау. Көңіл күйді сипаттау. Отан отбасынан басталады. Отбасындағы салт-дәстүрлері, мерекелері. Отбасын басқара білу, үй шаруашылығына тиянақты болу. Мінез және келбет. Адамның жан дүниесі және сырт келбеті. Салауатты өмір салты. Тазалық денсаулық-кепілі. Қоғамдық, мәдени орындар.Театрда, кітапханада, мұражайда, қонақ үйде, мейрамханада. Отаным – алтын бесік. Ел жетістігі. Өнерлі жұлдыздар. Менің мамандығым. Университет – білім ордасы. Мен таңдаған мамандық. Мені қызықтыратын сала. азақстандағы білім беру жүйесі. Қазақстандағы білім беру жүйесі. Кредиттік оқыту жүйесіндегі артықшылықтар. Қоғам және жастар Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында. Жастар және қоғамдық ұйымдар. |
Білім беру бағдарламасы
8.3 Мемлекеттік тілде іс құжаттарын жүргізуді оқытуға арналған курс
Жалпы сағат саны: 36 сағат.
Оқыту мерзімі – 3 ай
Бағдарлама жетекшісі: оқытушы, филология ғылымдарының магистрі Кушкинбаева К.Т.
Бақылау түрі – сынақ.
Мақсаты: Мемлекеттік тілді жетік білетіндерге мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді оқытуда ресми құжаттармен жұмыс жасауды, ойды сауатты жеткізуге үйрету.
Міндеті: Іс қағаздарды меңгерту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану; ресми құжаттардың топтасуын, жеке-жеке мәнін түсіндіру;
Материалдық-техникалық база: жабдықталған дәрісхана.
Күтілетін нәтиже: күнбелікті тілдесім лексикасын байытады, ресми тілде сөйлесу, қоғамдық орындарда мәдени сөйлесімді игереді.
Сабақтардың тақырыптары |
Қазақ ресми іс қағаздар тілінің даму тарихы. Тілдік стильдердің қолданылуы, ерекшеліктері. Іс қағаздарының түрлері және оларды топтастыру. Электронды құжат айналымы. Мінездеме. Түйіндеме. Өмірбаян. Өтініш. Арыз.Анықтама. Бұйрық.Қызметтік хаттардың жазылу мәдениеті. Қызметтік хаттардың түрлері. Түсініктеме. Баяндау хат. Ұсыныс хат. Қолхат. Сенімхат. Өтінім.Хаттама. Хаттама түрлері. Жеке іс парағы. Іскери келіссөз. Ресми іс қағазарда терминдердің қолданысы. Еңбек келісімі. Келісімшарт. |
Білім беру бағдарламасы
8.4 Орыс тілінен қазақ тіліне жазбаша аудару курсы
Жалпы сағат саны: 36 сағат.
Оқыту мерзімі – 3 ай
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушылар Миркемелова А.Б. мен Барсақбаева А.Б.
Бақылау түрі – сынақ.
Мақсаты: Аталмыш курстың мақсаты тыңдаушыларға аударма теориясының негізгі лингвистикалық қағидаларын таныстыру болып келеді. Жазбаша тұрғыда аударма жасау.
Міндеті:
Тыңдалым: Тыңдаушылар екі тілде аударма жасай білуі керек. Аударма кезінде білім алушылар сөздің мағынасын түсініп, лексикалық және грамматикалық талаптарды білуі керек. Ең бастысы орыс тіліне еркін аударма жасай білуі керек.
Материалдық-техникалық база: жабдықталған дәрісхана.
Күтілетін нәтиже: Орыс тілінен қазақ тіліне жазбаша аудару курсынан ғылыми, әдістемелік мәтіндерге аударма жасауды игеру керек.
Сабақтардың тақырыптары |
Аударма – тілдік және мәдениетаралық қарым –қатынас құралы. Аударманың жалпы лексикологиялық белгілері. Сөз мағынасының аударма процесінде берілуі. Вариант үлгілері және грамматикалық мағына. Аудармадағы тұрақты тіркестердің ерекшелігі. Аударма процесінде қолданылатын бірліктер, түрлері, ерекшелігі. Аударма трансформациялары, олардың негізгі типтері, берілу жолдары. Сөздік түрлері, ерекшеліктері. Термин және оның аударылуы. Аудармалық транскрипция мен транслитерация түсінігі. Калькалау. Реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері. Ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері. Қысқарған сөздерді аудару. Аударма теориясының заманауи үлгілері. |