2019 жылдың 01 қарашасында университетіміздің бас ғимаратындағы оқу залында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері, магистранттары мен ПОҚ, «Наш Костанай» газетінің тілшісі Серәлі Мырзабай қатысты.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырған модератор: Экономика және құқық институтының әдістемелік комиссия төрағасы – Г.Е. Есімхан. Шараның мақсаты «Рухани жаңғыру: «Жаңа гуманитарлық білім қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы кітаптардың қолданылуын талқылау. шара барысында бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының профессор, э.ғ.к., Г.Т. Сейтова, э.ғ.к., доцент Турежанов С.У., оқытушы А.М. Шүрентаев бұл кітаптардың маңыздылығы туралы айтты. Бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының оқытушысы Төлегенова Жұлдыз кітаптарға шолу жасап, «Мотивация» тақырыбындағы студенттердің өзіндік ізденістерін мастер-класс ретінде дәріптеді. Мастер-класс барысында
1. Байбосынов Аман, Менеджмент мамандығы, 1 курс студенті – Ахметов «Менеджмент негіздері» бойынша ,
2. Ромазанова Мөлдір Менеджмент мамандығы, 1 курс студенті – Ник Уилтон «HR-менеджментке кіріспе» бойынша
3. Жакупов Алиби – МжБ мамандығы, 1 курс студенті Стивен Роббинс, Тимоти Джадж «Ұйымдық мінез-құлық негіздері» бойынша
4. Абдраманова Гүлназ – МжБ мамандығы, 1 курс студентіРикки У. Гриффин «Менеджмент» бойынша
5. Сагиева Әйгерім Менеджмент мамандығы, 1 курс студенті – Джон Гэмбл, Артур Томпсон, Маргарет Питереф «Стратегиялық менеджмент» негіздері бойынша «Мотивация» тақырыбында презентациялар арқылы өз жұмыстарын көрсетті.
«Экономика және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Жазықбаева Гүлнар өз сабақтарында жаңа кітаптың қолданылуы бойынша студенттерді дайындаған екен.
1. Тәшметов Бауыржан – Агрономия мамандығы, 3 курс студенті «Тиімді бизнес-жоспар құру»
2.Құдайберген Сұлу – Агрономия мамандығы, 3 курс студенті «Кәсіпкерлік венчурге бастар жол» тақырыптарында таныстырылым жасады.