Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

5В050400 – Журналистика мамандығы

5В050400 – Журналистика мамандығы келесі білім беру бағдарламаларын қарастырады:

 

Қазіргі бұқаралық ақпарат құралы

 Заманауи бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудың түрлі салаларында қоғамның сұранысына сай қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік және саяси  жағдайларды қорытындылай және осы оқиғаларға қатысты пікірін білдіре алатын, қоғамның экономика, әлеуметтік дамуына қатысты өзекті мәселелер туралы ақпараттарды жинақтай, қайта өңдей алатын және түзете алатын теориялық білімі мен тәжірибесі бар мамандарды дайындау.

Қоғаммен байланыс

 Коммуникацияның түрлері, іскерлік коммуникативті стильдер, коммуникациялық қызмет формалары бойынша коммуникациялық менеджментті жоспарлауды жүзеге асыра алатын, баспасөз қызметін ұйымдастыра алатын, экономикалық, өндірістік және әлеуметтік жағдайда саяси қызметкерлермен, мемлекеттік және қоғамдық қызмет өкілдерімен байланыс орната алатын теориялық білімі мен тәжірибесі бар маман дайындау.

 

 

Модульді білім беру бағдарламалары

 

 Әрбір мамандық үшін модульдік білім беру бағдарламасы әзірленеді – оқу бағдарламасы оқу модульдерінің жиынтығын қамтиды білім алушыларға белгілі бір дәрежеде және / немесе біліктілікті алу үшін қажетті құзыреттерді меңгеруге бағытталған.

 

 

5В050400 –Журналистика мамандығының түлегіне 5В050400 –Журналистика мамандығы бойынша әлеуметтік білімдер бакалавры дәрежесі беріледі.


PDF