Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

5В060200 – Информатика мамандығы

5В060200-Информатика мамандығы келесі білім беру бағдарламаларын қарастырады:

 

Бизнес-информатика

  Информатика, экономика және басқару саласында білімі бар бизнесте ақпараттық жүйелер мен технологияларды әзірлеу және пайдалану бойынша білікті мамандарды даярлау.

Байланыс желілері және коммутация жүйелері

 Сигналдарды цифрлық өңдеу саласында білікті мамандарды даярлау, пакеттер мен байланыс хаттамаларын коммутациялау жұмысының принциптері, серверлер мен компьютерлік желілерді баптауды және әкімшілендіруді жүзеге асыру, телекоммуникациялық жүйелер мен сымды және сымсыз байланыс технологиясының негіздері, қазіргі заманғы байланыс технологияларын пайдалана отырып, модуляция мен кодтаудың цифрлық әдістері негізінде оларды іске асыру принциптері.

 

 

Модульдік білім беру бағдарламалары

 

 Әрбір мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламасы – білім алушылардың белгілі бір дәрежені және/немесе біліктілікті алу үшін қажетті негізгі құзыреттілікті меңгеруіне бағытталған оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы әзірленеді.

 

 

5В060200-Информатика мамандығының түлегіне 5В060200-Информатика мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры дәрежесі беріледі.


PDF