Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

5В080600-Аграрлық техника және технология

 

Өндірістік-технологиялық қызметі

 Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқу ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау үрдістерінің машиналары мен аппараттары; қойма шаруашылықтары; мал шаруашылығындағы жабдықтар, ауылшаруашылық машиналар, комбайндар және автомобильдермен байланысты өнеркәсіп саласында қызмет жасайтын мамандарға білім беріп дайындауға мүмкіндік береді.

Сервистік-пайдалану қызмет

 Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқу ауылшаруашылық машиналары тракторларын пайдалану, қызмет көрсету және диагностикалаумен, жобалық-конструкторлық құжаттармен байланысты өнеркәсіп саласында қызмет атқаратын мамандарға білім беріп дайындауға мүмкіндік береді.

 

 

Модульдік білім беру бағдарламалары

 

 Әрбір мамандық үшін модульдік білім беру бағдарламасы әзірленеді – оқу бағдарламасы оқу модульдерінің жиынтығын қамтиды білім алушыларға белгілі бір дәрежеде және / немесе біліктілікті алу үшін қажетті құзыреттерді меңгеруге бағытталған.

 

 

5В080600-Аграрлық техника және технология мамандықтың түлектеріне 5В080600-Аграрлық техника және технология мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры дәрежесі беріледі.


PDF