Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Аман денеде - аман рух!

ҚМУ спорт өмірі бұлақтай тасуда. Бұл тамаша. Себебі, халық арасында   «Дені саудың - жаны сау» деген нақыл сөзі бостан босқа айтылмаса керек. Спортпен айналысу әркезде өзекті. Қазіргі таңда да шымыр болу өзекті және сәнге айналған. Бұл дегеніміз тек мәдениеттіліктің бір бөлігі ғана емес, корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі болып қалыптасты. Жұмыстан кейін біз спорт залға 5 қабатты лифтісіз көтерілгенде біркелкі тыныс алу үшін, жүзіміздің жарқындығы үшін және көтеріңкі рухымыз үшін барамыз  ... 

 

Қостанай мемлекеттік университетінде салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға бар жағдай жасалынған. Бұл дегеніміз заманауи материалдық – техникалық база, кәсіби білікті жаттықтырушылар құрамы және салауатты өмір салтын ұстануға деген жақсы көзқарас.

 

Студент мен оқытушылардың иелігі үшін үздік спорт база, спорт кешені, стадион, жасанды жабынды ашық футбол алаңы, ойын, күрес және жаттығу, арнайы медициналық топқа жасақталған залдар, тоғызқұмалақ және шахмат клубы, волейбол, баскетбол, шағын футболға арналған ашық спорт алаңы, шаңғы базасы жұмыс істейді.


Ууниверситетімізде денешынықтыру – сауықтыру мен бұқаралық спорт жұмыстарын жоғары білікті мамандар мен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушылар, І және жоғарғы категориядағы классификацияланған оқытушы-жаттықтырушылар, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері қызмет ететін  «Сұңқар» спорт клубы мен денешынықтыру кафедрасы басқарады. ҚМУ «Сұңқар» спорт клубы мен денешынықтыру кафедрасы даңқты тарихы бар және ол өзінің дәстүрлері, өткен өмірі, өз қаһармандарының, ұланғайыр жоспарларының барлығымен «кішігірім мемлекетке» ұқсайды.


порт бәріне!» ұраны студенттен бастап ректорға дейін көкейтесті. Университет ректоры футбол секциясына қатысады, әр проректор белгілі бір спорт түрінен секция ұйымдастырды. Оқытушылар арасында футбол, баскетбол, үстел теннисі және бадминтон кең тараған. 

 

Денешынық кафедрасында сабақтар әр спорт түрінің саласы бойынша ұйымдастырылған. Оқу жылының басында 1 курс студенттеріне университет қабырғасында екі жыл бойы айналысатын спорт түрін таңдау ұсынылады. Әр студент өздерінің қалауымен спорт түрін таңдауға мүмкіндік алады. Денешынықтыру сабағы түскі уақыттан кейін оқытылады. Ал, кешкі уақытта спорттың әр түрінен 13 секция жұмыс істейді. Денешынықтыру сабағы бағдарламасына валеология, салауатты өмір салты тақырыптарына дәрістер қарастырылған. Денсаулық күндері, «Студенттер есірткіге қарсы», «СПИДке жол жоқ» акциялары, университет спартакиадасы ұйымдастырылады.


«Сұңқар» спорт клубы мен денешынықтыру кафедрасы студенттер мен қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында спорттың әр түрінен жыл сайын бұқаралық спорт шараларын өткізіп тұрады. Университетте волейбол, баскетбол, шаңғымен жүгіру, үстел теннисі, шахмат және дойбы, ұлттық қазақ күресі, шағын футбол, тоғызқұмалақ, самбо, дзюдо, пауэрлифтинг, қысқы президенттік көпсайыс, дартс сияқты спорт түрлері танымал.

 

Қызметкерлер мен оқытушылар арасындағы дәстүрлі спартакиадаға факультеттер мен құрылымдық бөлімшелер, әкімшілік-басқару құрама топтары қатысады. Жарыс қысқы демалыс кезінде өтеді.


Шығыстың жаңа жылы Наурызды мейрамдау барысында «Қол күресі», «Асық», «Қазақ күресі» сияқты  ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізеді. Университет ректоры мен «Сұңқар» спорт клубының бастамасымен 2011жылдың қарашасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне  20 жылдығына және университеттің жаңа спорт кешенінің ашылуына арналған халықаралық турнир ұйымдастырылды. ҚМУ құрама топтары жыл сайын баскетбол, үстел теннисі,  волейбол, шаңғы спорты, гір көтеру сияқты спорт түрлерінен колледж және ЖОО арасындағы қалалық және облыстық спартакиадаға, күзгі және көктемгі жеңілатлетикалық кросстар мен эстафеталарға қатысады. Біздің студенттер - республикалық және халықаралық жарыстардың қатысушысы. Университет топтары спорттың әр түрінен ұлттық чемпионаттар мен республикалық универсиадалардың бірнеше дүркін чемпиондары мен жүлдегерлері.

 

Университеттің мақтанышы ол – студент-спортшылар. Олардың арасында Әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлері, сонымен қатар Халықаралық және республикалық жарыстардың жүлдегерлері бар. Осында толықтай.

 

 

Спорт секциялары

 

Қостанай мемлекеттік университетінің денешынықтыру кафедрасы ұжымының өмірінде спорт клубының спорт секцияларындағы оқу-жаттығу жұмыстарының алатын орны ерекше. 

 

Студенттерге өмір ағымын оңтайландыратын, белсенді демалыс, жұмысқа деген қабілетті арттыратын дене шынықтыру әдістерін қолдану бойынша білім беретін, қызметкерлердің денсаулықтарын  нығайтатын және қалпына келтіретін спорт секциялары қаланған. Олар қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі,  ауыр атлетика және пауэрлифтинг, шахмат, дойбы, жеңіл атлетика, шаңғы спорт, баскетбол, волейбол, футбол.

 

Спорт секцияларына спорттық дәрежелері жоқ, бірақ дене жаттығуына дайындығы бар және ЖОО бар секцияға қатысқысы келетін тілегі барларды қабылдау тәжірбие бар. Университеттің 12 спорт секциясында 200-ге жуық студент шұғылданады. Студенттердің бір бөлігі қала мен облыстың арнайы секцияларында шұғылданады


PDF