Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

5В072800-Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша) мамандығы

Мамандық 5В072800- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы келесі білім беру бағдарламаларын қарастырады:

 

Астықты қабылдау және сақтау технологиясы

 Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқып-үйрену астық индустриясының техникасы мен технологиясын, қабылдау және сақтау кезінде астықтың сапасын бақылау бойынша, элеватор өнеркәсібінің технологиясын, астық өңдеу кәсіпорындарын жобалау бойынша, элеваторлар мен басқа да астық қабылдау пункттеріндегі технологиялық процестерді талдау және басқаруды, астықты өңдеу мен сақтаудың жаңа, жетілдірілген технологиялық әдістерін әзірлеу және енгізуді жүзеге асыру бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

Нан, макарон және кондитер бұйымдарының технологиясы

 

  Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқып-үйрену нан, макарон және кондитер өнімдерін өндіру технологиясын, нан, макарон және кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорындарды жобалау бойынша, шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылау, нан, макарон және кондитер өнімдерін өндіру кәсіпорындарындағы технологиялық процестерді басқару бойынша, нан пісіру және макарон өндірісінде прогрессивті технологиялық процестерді әзірлеуді жүзеге асыру бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

 

 

Модульдік білім беру бағдарламалары

 

 Әрбір мамандық үшін модульдік білім беру бағдарламасы әзірленеді – оқу бағдарламасы оқу модульдерінің жиынтығын қамтиды білім алушыларға белгілі бір дәрежеде және / немесе біліктілікті алу үшін қажетті құзыреттерді меңгеруге бағытталған.

 

 

5В072800-Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығының түлегіне 5В072800-Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры дәрежесі беріледі


PDF