Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Автомектеп - жаңа мүмкіндіктер

Қозғалыс – қазіргі заманның негізгі шарты. Тарихта жүргізушілер бірінші көлік құралдары пайда болған кезден бар. Әрбір жаңа көлік бейбітшіл тұрғындарды тағалдырумен қатар оларда қорқыныш туғызды, сондықтан олар көлік басқару мен өз өмірлерінің қауіпсіздігін қозғалыс ережелерін жақсы білетін тәжірибелі жүргізушілерге сеніп тапсырғанды жөн санайды.

 

Студенттер үшін автокөлікті жүргізе білу өз құрдастарының алдында жаңа машинамен мақтаныш туғызудан әлде қайда маңызды. Болашақ маманның автокөлікті сенімді және қауіпсіз жүргізе білуі еңбек ақысы жоғары жақсы жұмысқа тұру кезінде өте үлкен пайдасын тигізуі мүмкін.

 

Жеңіл автокөлікті жүргізе білетін жұмысшы бұрын да қазір де өте қажет. 

 

Сондықтан студенттер үшін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде көп жылдан бері автомектеп қызмет атқарады. Автомектепте оқу қол жетімді бағамен және оқуға қатысу уақыты ыңғайлы кестемен жүргізілетіндіктен бұл жүргізуші куәлігін алудың ең қолайлы жолы. Студенттің күн тәртібі сабақ кестесіне ғана байланысты емес, басқа да факторларға байланысты. Оған қоса сабақтарды университеттің инженерлік техникалық факультетінің кәсіпқой оқытушылары жүргізеді. Оқулық техникалық базада оқу автокөліктері, зертханалық – тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған оқу зертханалары және компьютерлік сыныптар бар. Сондықтан біздің автомектепте әрбір факультеттің студенттері оқиды. 

 

Біздің автомектеп жүргізу курсын рульге бірінші рет отыратын студенттер үшін ғана жүргізбейді, сонымен қатар жүргізуге машықтанған жүргізушілерге теориялық білім  береді.

 

Қызығушылық тудыра оқыту, жаңа деңгейде араласу мүмкіндігі, жақсы жабдықталған техникалық база – осы негізгі артықшылықтар біздің жүргізу курсын әрбір студент үшін одан да тартымды етеді. 

 

 

Оқытушылардың теориялық және инструкторлардың тәжірибелік сабақтарда қолданатын оқытудың жаңа қазіргі замануй түрлері мен әдістері оқу материалын жылдам және жеңіл түсініп,  теориялық және тәжірибелік оқу процестерінің қызғылықты және тиімді өтуіне мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде автомектеп студенттері жол полициясында өтетін мамандандырылған емтихандарды жақсы   тапсырып, «В», «ВС» категориялы көлік құралдарына жүргізуші куәлігін алады.

 

Автомектепті бітірумен қатар студенттер қосымша жұмысшы мамандығын алады, бұл әр кезде тиімді!


PDF