Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Студенттердің шығармашылығы

 

ҚМУ Медиа-орталығының құрамында «Білім жарысы» газеті мен «Жас өркен-Қостанай» журналы, оқу орнының баспасөз қызметі бар.

«Білім жарысы»  газетінің көпжылдық тәжірибесі бар және студенттер арасында танымал. Газеттің «Білім жарысы» деп аталуының өзі Ахмет Байтұрсыновтың мақаласымен аттас және А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінің алғашқы редакторы болғандықтан студенттер газеті де А.Байтұрсынов дәстүрлерін берік ұстап, қазақ және орыс тілдерінде материалдар жариялап, білім және тәрбие беру функцияларын қатар атқарып келеді.

 

 

2013 жылы өзінің 15 жылдығын атап өтетін «Білім жарысы» газетінің университет өміріндегі маңызы зор. Газеттің алғашқы саны 1998 жылы 22 наурызда жарық көрді. Алғаш жарық көрген күнінен бастап онда журналистика мамандығында оқитын студенттер материалдары жарияланды. Газет студенттердің тәжірибе мектебіне айналды. Газет жарыққа шыққалы талай жұмыс тәсілдерін пайдаланды, дербес газетесебінде де шықты, «Костанайские  новости» газетінің қосымшасы есебінде басылды, 2006-2009 жылдар аралығында республикалық «Қазақ» апталығының қосымшасы есебінде 5000 дана таралыммен тарады. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткені, біздің университетіміз Ахмет Байтұрсынов атында.

 

Қазіргі уақытта газет А-3 форматында 1500 таралыммен айына бір рет жарық көреді. Газет редакторы журналистика кафедрасының оқытушысы А.Өстемірова. Ондағы материалдар әралуан: студенттер проблемалары, оқиғалар, шәкірттер мен ұстаздар жетістігі, студенттік өмірге байланысты барлық мәселелер. Кафедралар апталығы, факультеттер жаңалықтары – осылардың барлығы газет бетінде көрініс табады, газет бетінде мақала жазуға оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамы да белсене қатысады. Газет  журналистика мамандығында оқитын студентер күшімен шығып келеді.

 

 

Газет университет қабырғасында өтіп жатқан барлық шаралардың айнасы. «Білім жарысы» өткізген «Біз Күн баласымыз» акциясына университеттің барлық студенттері қатысты. Журналистер «Таза су» және «Қазақстан жастар Альянсы есірткіге қарсы» акцияларына да белсене қатысты.

 

Егер коргын келсе осыған  бас-->

 

«Жас өркен-Қостанай»  журналы екі айда бір рет шығып тұрады. Оның таралымы бір мың данаға жетті. Журналды ҚР басқа облыстарында да жаздыртып алады. Журналда ұлттық идея, кәсіптік бағдар, Ахметтану, жастар шығармашылығын қолдау, университет түлектерін оқырманға таныстыру бағытында көп жұмыс жүргізілді. Журналдың шығарушы редакторы белгілі журналист Нәзира Жәрімбетова.

«Жас өркен-Қостанай»  журналы ғылыми-танымдық, публицистикалық сипатта. Журналдың көркемделуі және безендірілуі өзге басылымдардан кем емес, жылтыр қағазда, түрлі түсті бояумен басылады. Журналда мәдени-ағарту, тарихи тақырыптармен қатар жастар саясатына арналған материалдар жиі жарық көреді. Журнал тек қана қазақ тілінде шығады. Бұл Қазақстанның солтүстік өңірінде ЖОО-да қазақ тілінде жарық көріп отырған жалғыз журнал. Ол жастармен қатар ересектер аудиториясына да арналған. Журнал Қостанай облысымен қатар  республиканың басқа аймақтарына  да тарайды, мерзімді басылымдардың республикалық каталогына енгізілген. Журнал авторлары тек студенттер ғана емес, сонымен бірге біздің облыстың белгілі көсемсөзшілері мен журналистері.

 

 

Баспасөз орталығы облыстың барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста. Жергілікті басылымдар тілшілері біздің университетте жиі болады, университетінің Пиар-компаниясы ұдайы назарда. Жарнамалық роликтер шығарылады, бейне және аудиотаспалар, жарнамалық мәтіндер даярланады, баяндамалар әзірленеді. Теледидар журналистері оқу орнынан тұрақты хабарлар беріп тұрады. ҚМУ-да өткен шаралар туралы материалдар сайтта орналастырылады. «Білім жарысы» газетінің және «Жас өркен-Қостанай» журналының редакциялық кеңесі және редакция алқасы құрылған. 

Ахмет Байтұрсынов атындағы   ҚМУ Медиа-орталығы тіл саясатын жүргізуде белсенділік танытып отыр.Басылымдар беттерінде оқытушылар мен студенттердің ана тілін дамыту туралы өзекті ойлары жарық көреді.Медиа-орталық пен ҚМУ журналистика және менеджмент кафедрасы бірлесіп өткізген түрлі кездесулерде ана тілі проблемалары тілге тиек болды.Медиа-орталық облыстың барлық БАҚ-мен байланыс орнатты. Жарнамалық роликтер, бейне және аудиотаспалар дайындалды. ҚМУ-де болып өткен барлық жаңалықтар турады хабарлар ҚМУ сайтында орналастырылады. «Білім жарысы» газеті мен «Жас өркен-Қостанай» журналының редакциялық кеңесі және алқасы құрылған.

 

Медиа-орталық қызметкерлері мәдени-бұқаралық шараларға да белсене ат салысады.

 

 

 

Сөз арасында айта кетейік, бұған дейін материалдардың авторлары негізінен студеннтер болса, бүгінде профессор оқутышылар құрамы белсенді қызмет етеді. Кафедра апталығы, факултеттегі оқиғалар, жарнама, т.б. Университет газетінің бетінен табуға болады.

 

«Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасында  2000 жылы құрылған оқу-телевизиялық студия. 2010 жылы студенттердің сандық технологияны игеру мақсатында  заманауи техникамен жабдықталды. Телестудия бейнекамералар мен сандық монтажға арналған компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз етілді.

 

ТВ-студияның негізгі функционалдық мақсаты – студенттердің, болашақ тележурналистердің, бейнебаян түсіру, дыбыстық және бейнелік монтаж жасауға машықтану, телережиссураның негізі: микшерлік және режиссерлік пульттің мүмкіндіктерін меңгеру.

 

Студенттер оқу студияда мәтін жазуға, оны мәнерлеп оқуға, мәтінге сай бейнебаян құрастыруға, монтаждауға, нәтижесінде телепублицистикалық туынды жасап шығаруға машықтанады.   

Оқыту-телестудиясының қалыптасуынан бері сан алуан бейнематериалдар әзірленді. 1-ші курста студенттер «Менің досым» тақырыбына суреттеме, 2-ші, 3-ші курста жаңалықтарға сюжет әзірлейді, авторлық бағдарламалар мен деректі фильм дайындап эфирге шығарды.

 

Үшінші курс студенттері «Телерадиобағдарламасын жасау технологиясы» пәні бойынша «Ток-шоу» ұйымдастырса, «Star.kqu» бағдарламасы студенттер журналист, оператор, режиссердің міндеттерін орындаған ұжымдық жұмыстың нәтижесі.

 

 

1-ші, 2-ші курс студенттерінің белсенді қатысуымен ақпараттық бағдарламалары айына 2 рет кабельдік арнадан университеттің барлық оқу ғимараттарында  «Жастар-ТВ» эфирге шығып оқытушылар мен студенттердің көзайымына айналды.

Ал,бітіретін жылы төртінші курс студенттері Мысалы, «Ақ келін», «Профессия в театре», «Интернет және жастар», «Тәуелсіздікпен тел өстік» т.б. шағын деректі фильм дайындады. Төртінші курс студенті Байбосынова Диана «Шәкіртінің жұлдызын жаға білген ұстаз» атты портреттік очерк жанрында өзін сынап көрді.

 

 

Егер студенттердің шығармашылығын көргін келсе?  

Осыған бас -->

 

Оқыту телевизиялық студиядағы жұмыс шығармашылық атмосфера тудыруға, оқу процесін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.


PDF