Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ қамқоршылары мен түлектерінің ассоциациясы

 

 

Бұл  сайт -  шұғыл ақпарат  алуға,  ылғи бірге  болуға, біздің  үлкен шаңырағымызда  болып  жатқан оқиғаларды  қолда  үстауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  ақпараттық  жобаны  қолдайтын  біздің  қарым-қатынасымыз дәстүрге   айналсын.  Құрметті  түлектер,  сіздердің  көмектеріңізбен,  қосымша  ресурстар  табылып,  біздің ортақ әлуетіміз

ҚМУ–н   әрі қарай дамуына бағытталып,  біздің университет  әлемдік  білім  беру кеңестігінде  өзінің лайықты  орнын  алады  деген   ойдамыз.

                                 Оқу, еңбек ету,мансап,жақсы тұрмыс – бұл қойған мақсаттарға жету үшін қажетті бастапқылық

 

Н.А.Назарбаев

 

 

- Түлектердің кездесуі – бұл тек қана жағымды еске алу емес, ол туған жоғары оқу орнына қандайда бір көмек көрсету және соңғы табыстарын көрсетуге мүмкіндік беріп, жоғары нәтижелерге ие болу. Қуаныштысы, университет түлектері жұмыспен қамту рыногында еркін түрде бәсекелесіп, Қазақстан және шет елдерінде түрлі салалардан табысты еңбек етуде. Дегенмен, бірнеше жылдан соң әр түлек өзінде университет рухын сақтап, әрдайым университет қабырғасына оралғысы келеді. ҚМУ ректоры Асқар Наметов университеттің ерекше бір рухы барлығымызды біріктіріп, үлкен бір отбасының мүшесі болдық деп есептейді. 

 

2011жылдан А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ жоғары оқу орны мен оның түлектері және қамқоршылар  арасында көпжылды және мықты байланыс орнату үшін университеттің түлектері және қамқоршылар Ассоциациясы жұмыс жасайды. 2012 жылы маусым айында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ түлектері  және қамқоршылар Ассоциациясының бірінші форумы өтті. 

 

-Біз Қазақстанда , ҚМУ түлектері, көппіз. Бәрімізді біздің жоғары оқу орнының түлектер Ассоциациясы бірігіп отыр. Біз бірлескен жоболарды жасауға және іске асыруға үнемі дайынбыз. Бұдан басқа, біз қарапайым адамгершілікті қатынас арқылы бірлесуге үміттенеміз деп,   университет ректоры Бухметов Амажол Касымбекович, « Агромаш-Холдинг» АҚ коммерциялық директоры және «Милх» ЖШС директоры Блок Сергей Иванович  өз пікірлерін білдірді. 

Қостанай облыстық қоғамдық ұйымы «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қамқоршылар және түлектер Ассоциациясы» университеттің жоғарғы курс студенттері мен түлектерін, бизнес-мемлекеттік құрылым басшыларын, білім беру сапасын жақсартуға қатысатын барлық азаматтарды өз еркінімен біріктіреді. Ассоциация кәсіби білім беруге, университеттің тұрақты дамуына және Солтүстік Қазақстан үшін жоғары білікті мамандарды дайындау орталығы ретінде және оларды жұмысқа орналастыруға өз көмегін көрсетеді. 

 

 

 

ҚМУ түлектері  және қамқоршылар Ассоциациясының МИССИЯСЫ:

 

 

Ассоциация университеттегі дәстүрлерді және мақсаттарды дамытып, оның рухы мен бастапқыларын сақтап, университетке материалдық базасын дамыту және жақсарту үшін қаржылық қолдау көрсетеді Достық қатынастарды нығайтып, түлектер және университет арасында тығыз байланыстарын орнатады. 

 

 

 

МАҚСАТЫ:

ҚМУ түлектері  және қамқоршылар Ассоциациясы – жоғары оқу орындарының, мемлекеттік және бизнес-құрылымдардың дамуы үшін жоғары білікті мамандарды дайындауына бағытталған. Ассоциация қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін келесі МІНДЕТТЕРІН атқарады:

 

 

1.Білім беру бағдарламаларын бірігіп жасау:

. Жұмыспен қамту және еңбек рыногының сұраныстарымен қатар білім беру бағдарламалардың бағыттарын анықтау;

. Жеке бағдарламалар бойынша дайындау, соның ішінде басқару бағдарлама және менеджмент сапа жүйесі бойынша;

. Кадрларды қайта дайындау (заманауи технологияларға , психо-аналитикалық басқару дағдыларына үйрету).

 

2. Білім беру сапасын көтеру үшін бірлескен ғылыми –практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу:

. Маманның құзіреттілігін анықтау (практикалық дағдыларға, логикалық ойлауларына ие болу, жұмысқа ғылыми  көз қарасы);

. Маманның талаптарын анықтау ( кәсіби сапасын, отаншылдық пен зиялылыққа тәрбиелеу, ұжымда жұмыс істей білу, басқару дағдылары);

. «Минимум знаний» принцип шеңберіндегі білім беру сапасының анализы.

 

3. Оқудың практикалық бағыттарын күшейту мақсатында өндіріс орнында  кафедра филиалдарын ұйымдастыру:

. Өндірістік жағдайларда практикалық білім алуға, шеберліктер мен дағдыларға үйрету;

. Білім беру кластерін ұйымдастыру;

. Тікелей өндіріс орнында практикалық сабақтар жүргізу;

. Заманауи өндіріс орнында кәсіби практиканы жүргізу;

. Кәсіп орнының тапсырысы бойынша дипломдық жұмыстарын орындау;

. Жұмыспен қамту.

 

4. Түлектердің жұмысқа орналастыруға көмек  көрсету:

. Бос орын қызметінің жәрмеңкесін ұйымдастыру;

. Кәсіп орында жұмыс жасау үшін жоғары курс студенттерімен келісім-шарт жасау (практикадан соң).

 

5. Кадрларды  дайындауына  және университеттің дамуына  қаржылық үлес:

. Кәсіп орнының тапсырысы бойынша арнаулы оқу;

. Талантты жастарды қолдау;

. Білім берудің дамуына бағытталған қамқорлық;

. Білім алушылар мен университет ғалымдарының бизнес-жобаларын қаржыландыру;

. Бірлескен кәсіп орындарды ұйымдастыру;

. Талантты және жас ғалымдарды қаржылық жағынан қолдау көрсету;

 

Кадрларды дайындау үшін  білім беру бағдарламасы бойынша Ассоциация мүшелері көптеген ұсыныстар жасаған (кафедралардың филиалдарын құру), студенттердің ғылыми зерттеулерін және бизнес-жобаларын қолдау, өз мекемелерінде түлектерді жұмысқа орналасуда көмек көрсету, университеттің дамуына және кадрларды дайындауда қаржылық қолдау көрсету ( құралдарды сатып алу), ғылыми еңбектерін енгізуге бірлескен кәсіп орындарды ұйымдастыру.

 

 

 

Түлектер және қамқоршылар Ассоциациясы барлық мүдделі мекемелермен пікірлесу үшін ашылған, жалпы мүдделерін  іске асыру мақсатында байланыс және серіктестік қарым-қатынасын дамытады.  Ассоциация А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің түлектеріне көмек көрсетіп, білім беру қызметін көрсету рыногында жоғары оқу орнының нығайту жағдайына белсене қатысады. Ассоциацияның ұжымдық және ұйымдастыру жұмысы университеттің ең тамаша дәстүрлерін жалғастыру үшін бірлескен рухын сақтауға және бекітуге жағдайлар жасайды.

 

 

 

 

                                                                Құрметті түлектер, университетке қош келіпсіз! 

 

                         Біз үшін Сіз туралы әр хабар өте қымбат және қажет. Сізді ынтымақтастыққа шақырамыз! 

 

 

 

 

Бұл  сайт -  шұғыл ақпарат  алуға,  ылғи бірге  болуға,

 біздің  үлкен шаңырағымызда  болып  жатқан оқиғаларды  қолда  үстауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  ақпараттық  жобаны  қолдайтын  біздің  қарым-қатынасымыз дәстүрге   айналсын.  Құрметті  түлектер,  сіздердің  көмектеріңізбен,  қосымша  ресурстар  табылып,  біздің ортақ әлуетіміз

ҚМУ–н   әрі қарай дамуына бағытталып,  біздің университет  әлемдік  білім  беру кеңестігінде  өзінің лайықты  орнын  алады  деген   ойдамыз.


PDF