Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

5В080100 – Агрономия мамандығы

5В080100 – Агрономия мамандығы келесі білім беру бағдарламаларын қарастырады:

 

Дәнді және техникалық дақылдарды өсіру технологиясы

 Нарық жағдайында шаруашылықтың даму перспективаларын бағалай алатын, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық картасын жасай алатын және дала жұмыстарын ұйымдастыра алатын, шаруашылықтың тұқым, тыңайтқыш, пестицидтер, жанар-жағар май материалдарын, ауыл шаруашылығы машиналарын, құрал-саймандар мен техникамен, еңбек ресурстары қажеттілігін есептей алатын, орындалған дала жұмыстарының сапасын бағалай алатын астықты өсіру технологиясы бойынша білікті мамандарды дайындайды.

Дала және шабындық мал азығы өндірісі

 Мал азығын өндіруде өндірістік процестерді орындауды жоспарлауға және ұйымдастыруға қабілетті білікті мамандарды дайындау; ауылшаруашылығы техникасын, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғаудың химиялық және агротехникалық құралдарын пайдалану; өндірісте топырақ-климаттық жағдайларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін және топырақтың құнарлылығын арттыратын ресурс үнемдейтін технологияларды қолдану.

Өсімдіктерді қорғау және карантин

 Қазіргі заманғы сандық әдістерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы алқаптарының зиянкестері, аурулары мен арамшөптері бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу, жаппай көбеюді болжау және оларға қарсы күрес мерзімдері, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік тексеру және сараптау, карантиндік іс-шаралар жүргізу туралы белгі беру хабарламасын жібере білу бойынша білікті мамандар дайындау.

 

 

Модульдік білім беру бағдарламалары

 

 Әрбір мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламасы – білім алушылардың белгілі бір дәрежені және/немесе біліктілікті алу үшін қажетті негізгі құзыреттілікті меңгеруіне бағытталған оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы жасалады.

 

 

5В080100 – Агрономия мамандығының түлегіне 5В080100 – Агрономия мамандығы бойынша ауылшаруашылығы бакалавры дәрежесі беріледі.


PDF