Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

5В080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы мамандығы

5В080200-Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы мамандығы келесі білім беру бағдарламаларын қарастырады:

 

Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу негізімен өндіру технологиясы

 Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқып-үйрену тиімді азықтандыру, мақсатты бағытталған селекциялы-асылдандыру жұмыстарын жүргізу, өндірісте прогрессивті инновациялық технологияларын еңгізу, көп еңбекті процестерді механикаландыру және санитарлық талаптарға сәйкес мал шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарын алғашқы қайта өндеу шарттарын құру жолдарымен асылтұқымды сапаларын жақсарту және ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының өнімділігін жоғарлату бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығындағы селекция және биотехнология

 Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқып-үйрену ауыл шаруашылығы малдарының өнімділік және асылтұқымдық сапалықтарын жетілдіру, малдардың жаңа тұқымдары мен аталық іздерін шығару, селекция жолымен жоғары өнімділікті құс кросстарын құру, биотехнологиялық процестерді пайдалану, мақсатты бағытталған селекциялы-асылдандыру жұмыстарын жүргізу, халықаралық талаптарға сәйкес өндірудің прогрессивті инновациялық технологияларын еңгізу бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

 

 

Модульдік білім беру беру бағдарламалары

 

 Әрбір мамандық үшін модульдік білім беру бағдарламасы әзірленеді – оқу бағдарламасы оқу модульдерінің жиынтығын қамтиды білім алушыларға белгілі бір дәрежеде және / немесе біліктілікті алу үшін қажетті құзыреттерді меңгеруге бағытталған.

 

 

5В080200-МШӨӨТ мамандығының түлегіне 5В080200-МШӨӨТ мамандығы бойынша ауылшаруашылық бакалавры дәрежесі беріледі


PDF