Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Телестудия

 

 

Оқу-телевизиялық студия


 

 

 

Журналистика және коммуникациялық менеджмент » кафедрасында 2000 жылы құрылған оқу-телевизиялық студия, соңғы 2 жылда студенттердің сандық технологияны игеру мақсатында заманауи техникамен жабдықталды. Телестудия бейнекамералар мен сандық монтажға арналған компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз етілді. ТВ-студияның негізгі функционалдық мақсаты – студенттердің, болашақ тележурналистердің, бейнебаян түсіру, дыбыстық және бейнелік монтаж жасауға машықтану, телережиссураның негізі: микшерлік және режиссерлік пульттің мүмкіндіктерін меңгеру. Оқу бағдарламаларына орай құрастырылған «Телевизиялық журналистика », «Телебағдарлама дайындаудың технологиясы », «Деректі фильм дайындау спецификасы », «Телерадиохабарларын жасау технологиясы » пәндерінің негізінде студенттер оқу студияда мәтін жазуға, оны мәнерлеп оқуға, мәтінге сай бейнебаян құрастыруға, монтаждауға, нәтижесінде телепублицистикалық туынды жасап шығаруға машықтанады.


Оқыту-телестудиясының қалыптасуынан бері сан алуан бейнематериалдар әзірленді. 2011 жылы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дегі мамандықтар жайлы шағын фильм дайындалды. 10 минуттан тұратын бейнебаянды студенттер облыстық орта мектеп оқушыларымен кездесулерде көрсетеді. 

 

 

Тортінші курс студенттері «Тәуелсіздік тұғырындағы толағай табыстар », «Встречая 20-летие Независимости » атты фильм, ғылыми-танымдық «Ғылым көкжиегі », «Горизонты науки » хабарларын, «Star KZ » авторлық бағдарламасын, «Интернет және жастар », «Ақ келін», «История одного здания », «Тәуелсіздікпен тел өстік » т.б. деректі фильм дайындап эфирге шығарды.


Оқу-телевизиялық студиядағы жұмыс шығармашылық атмосфера тудыруға, оқу процесін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні оқу-телевизиялық студия қызмет аясын жетілдіріп, жаңа техникалық жабдықтармен жасақталуда. Келешекте А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің барлық оқу кешендерінде тікелей эфирге шығып, студенттік телевидение құру да жоспарда бар.


Студенттердiң жұмыстары YouTube порталының telestudiakgu каналы бойынша көруге болады.



PDF