Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ветеринарлық санитария

«Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша

 бакалавриаттың түлек моделі

 

Ветеринариялық-санитариялық дәрігер - азық өнімдерін өндіру, сақтау, экспорт және импорттау кезінде олардың  қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды қамтамасыз етумен айналысатын, елдің санитарлық қауіпсіздігіне жауап беретін маман. 
Білім беру бағдарламасының мақсаты

биологиялық және азықтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті, мемлекеттік және халықаралық талаптарға сай келетін өнімдердің ветеринариялық-санитариялық сараптамасын іске асыра алатын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, инновациялық-бағытталған мамандарды даярлау

Берілетін ғылыми  дәрежесі
«6B09102-Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша ветеринария бакалавры  
Мамандар қызметінің тізімі
азық-түлік гигиенасы бөлімінің маманы; санитариялық-гигиеналық зерттеу маманы; ветеринариялық-санитариялық дәрігер (сарапшы); ветеринариялық дәрігер (бактериолог); ветеринариялық дәрігер (вирусолог); ветеринариялық дәрігер (токсиколог); ветеринариялық-санитариялық инспекторы; ғылыми қызметкер; колледж, жоғары оқу орындарының  оқытушысы.
Кәсіптік қызметтің нысаны

тағам өнімдерін,  жануарлар азықтарын және өсімдік өнімдерін жүзеге асыру, өндіру, сақтау, қайта өңдеу кәсіпорны;ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы; мемлекеттік кеден қызметі мекемесі; санитарлық-эпидимиологиялық қызметтер мен өткізу пункттері;биологиялық препараттарды, биологиялық белсенді заттарды бақылау және дайындау кәсіпорындары;  ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік және жеке ветеринарлық ұйымдар;

Кәсіптік қызмет функциялары

1)   азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету : жануарлардың өнімділігін жақсарту үшін ветеринариялық шараларды жүргізу;

2)   адамдар мен жануарлардың биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету: балау, құс, балық ,ара және жануарлардың  жұқпалы және жұқпалы емес ауруларын алдын алу;адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан елді және халықты қорғау;биопрепараттарды өндіру кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелерді ұстану;

3) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: аймақты антропозооноздық аурулардан қорғау;елдің аумағын шикізаттар мен биопрепараттарды өндіретін кәсіпорынның және  азықтық өнеркәсіптің сапасыз қалдықтарынан қорғау; мал шаруашылығы және өсімдік өнімдерінің сапасын анықтау;ҚР міндеттерін халықаралық талаптар бойынша орындау; оқу орындарында ветеринариялық, биологиялық және экологиялық пәндерді оқыту;

Жеке қасиеттері

Жалпы азаматтық қасиеттер: патриотизм, елге деген сүйіспеншілігін білдіруші, азаматтық, өзінің азаматтық құқығын, бостандығы мен міндеттерін түсіну;

Рухани қасиеттер:  адамгершілік, адалдық,  толеранттық, этикалық, әдептілік, мейірімділік.

Жеке қасиеттері: білімді,критикалық және эмоционалды ойлау, ағылшын тілін меңгеру, барлық өмірі аясында оқуға үйрену

Іскерлік қасиеттері: еңбексүйгіш, жауапкершіл, ұжыммен жұмыс, талдау қабілеттілігі, стандартты емес шешімдерді  қабылдау қабілеті

Ұжымдық- еріктілік қасиеттері:  мақсатқа талпынушылық,өзін-өзі сынау, ұйымдасқан,тез тіл табысатын, алға қойған мақсатына жету қабілеттілігі

Особые качества: жануарлар мен  табиғатқа деген үйіспеншілігі

Бакалавр оқытудың нәтижелері

Білім беру бағдарламасын бітіруші түлектер:

1) ветеринариялық санитария аясында өз білімдерін және түсініктерін көрсету және де осы саладағы ен озық білімдерін қосу;  

2)   ветеринария аясында өз білімін кәсіби деңгейде қолдану;

3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік аясында жағдайларды шешу және аргументтерді құрастыру;

4) пікірлерді құрастыру үшін ветеринария саласындағы ақпаратты жинау және түсіндіру, әлеуметтік, этикалық  және  ғылыми ойларды есепке алу;

5)  ветеринария саласындағы ақпаратты, ойларды, мәселелер мен шешімдерді мамандар мен бірге маман еместерге хабарлау. 

 

 


PDF