Агрономия
«Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша
бакалавриат түлек моделі
![]() |
Білім беру бағдарламасының мақсаты |
Білімнің кең жүгі бар және жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін алу тәсілдерін меңгерген ауыл шаруашылығының білікті маманын қалыптастыру |
Берілетін дәреже |
«6B08101 Агрономия» беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры |
Маманлауазымдарыныңтізбесі |
Топырақтанушы, агроном, агрохимик, жемшөп өндірісі жөніндегі агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, энтомолог, эндофитопатолог, герболог. |
Кәсіби қызметтерінің нысандары |
Акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, фермерлік, жеке, ұжымдық шаруашылықтар, ауыл шаруашылығы бағытындағы фирмалар және басқа да ауыл шаруашылығы құрылымдары |
Кәсібиқызметтерініңфункциялары |
Топырақ құнарлылығын ұдайы өсіру және сақтау,өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғаудың интеграцияланған жүйесін әзірлеу және енгізу;нақты шаруашылықтар жағдайына қолданылатын егіс алқаптарының құрылымын және ауыспалы егістің схемаларын олардың негізгі қызмет бағытын ескере отырып әзірлеу; агроландшафттарды ескере отырып, шаруашылықтар алқаптарына кешенді агротехникалық қызмет көрсету; отандық және шетелдік ғылым жетістіктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қазіргі заманғы прогрессивті технологияларын қолдану |
Жеке қабілеттері |
- белсенді өмірлік ұстанымымен, азаматтық сана-сезімімен, заңға бағынушылығымен, өзінің азаматтық құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін түсінумен айқындалатын Отанға деген сүйіспеншілікпен көрінетін патриоттық. - ізгілік, адалдық, ар-ождан, басқа сенімдерге төзімділік, бейбітшілік пен әдет-ғұрыптарға көзқарастар, парасаттылық, мейірімділік. - еңбексүйгіштік, жауапкершілік, икемділік, командадамен жұмыс істей білу, төтенше жағдайларда стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті. - мақсатқа ұмтылу, өзіне талап ету, өзін-өзі бақылау, ұйымшылдық, коммуникабельділік, жалпы мәдениеттің болуы, ерік-жігер, белгіленген мақсатқа жету қабілеті. - аналитикалық ақыл, жедел және ұзақ мерзімді есте сақтау, байқау, жауапкершілік сезімі, суыққа төзімділік, физикалық төзімділік |
Оқыту нәтижелері (Дублинде скрипторлары) |
Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады: Бакалавриаттың дескрипторлары: 1) агрономиялық білімге негізделген егін егу технологиясы саласында білімі мен түсінігін көрсету; 2) білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдануға, дәлелдер қалыптастыруға және өсімдік шаруашылығының өзекті мәселелерін шешуге; 3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды есепке ала отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіру; 4) ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің заманауи технологиялары туралы ақпарат, идеялар, проблемалар мен шешімдерді мамандарға да,маман еместерге хабарлау; 5) ауыл шаруашылық өндірісін басқаруға және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру саласында қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру, заманауи технологияларына ие болу. |