Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Стандартау және сертификаттау

  «Стандартау және сертификаттау» білім беру бағдарламасы бойынша

бакалавриаттың түлек моделі

 

 Инженер-маман, техникалық құжаттаманы міндетті нормаландыру бақылауын жүзеге асырады, жаңа жобалар әзірлеуді және қолданыстағы стандарттар мен стандарттау жөніндегі басқа да құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады, өнімнің техникалық деңгейін, стандартталған және біріздендірілген бұйымдар мен жекелеген элементтерді өндіру ерекшеліктері мен пайдалану нәтижелерін зерделейді, оларды стандарттау мен біріздендіру деңгейін бағалау жөніндегі бұйымдардың жобаларын сараптауға қатысады. Стандарттау әдістерімен өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізеді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты

   Астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін стандарттау және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде өнімдер мен процестердің сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін жоғары кәсіби мамандарды даярлау. 

Берілетін дәреже
«6B07501 Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры
Маман лауазымдарының тізбесі
Астық өңдеу кәсіпорындарындағы маман және инженер, метрологиялық қызметтер мен зертханалардың бастығы, сапаны бақылау және сертификаттау қызметінің инспекторы, техникалық сарапшы, сарапшы-аудитор, колледж оқытушысы. 
Кәсіби қызметтерінің нысандары

  Басқару органдары, департаменттер; өнім (қызмет) өндіру жөніндегі кәсіпорындар, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік ұйымдары; сынақ зертханалары (орталықтары); өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз етуге қатысы бар кәсіпорындар, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік ұйымдары; өлшеу әдістері мен құралдарына тікелей қатысы бар кәсіпорындар, ұйымдар.

Кәсіби қызметтерінің функциялары

- астық кешенінде стандарттау және сертификаттау жөніндегі жаңа стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеу және қолданыстағы стандарттарды қайта қарау;

- астық кешенінде кәсіпорында қолданылатын стандарттар мен стандарттау жөніндегі басқа да құжаттарды және стандарттау және сертификаттау жөніндегі басқа да құжаттарды жүйелі тексеруді жүзеге асыру;

- астық кешені кәсіпорындарының бөлімшелерімен стандарттау бойынша жұмыстардың орындалуын бақылау;

- астық кешенінде стандарттау және сертификаттау саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибені зерделеу және жүйелеу.

Жеке қабілеттері

- белсенді өмірлік ұстанымымен, азаматтық сана-сезімімен, заңға бағынушылығымен, өзінің азаматтық құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін түсінумен айқындалатын Отанға деген сүйіспеншілікпен көрінетін патриотизм.

- ізгілік, адалдық, ар-ождан, басқа сенімдерге төзімділік, бейбітшілік пен әдет-ғұрыптарға көзқарастар, парасаттылық, мейірімділік.

- білім алу қабілеті, сыни және эмоциялық ойлау қабілеті, ағылшын тілін білу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру, өмір бойы білім алу қабілеті.

- еңбексүйгіштік, жауапкершілік, икемділік, икемділік, командада жұмыс істей білу, төтенше жағдайларда стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті.

- мақсатқа ұмтылу, өзіне талап ету, өзін-өзі бақылау, ұйымшылдық, коммуникабельділік, жалпы мәдениеттің болуы, ерік-жігер, белгіленген мақсатқа жету қабілеті.

- логикалық ойлау, аналитикалық дағдылар, эмоционалдық тұрақтылық, байқау, табандылық, өзіне жоғары талап.

Стандарттау және сертификаттау бойынша бакалаврларды оқыту нәтижелері

(Дублин дескрипторлары )

Дескрипторлар студенттердің мынадай қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді:

1) техникалық реттеу саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін техникалық реттеу саласындағы білімі мен түсініктерін көрсету;

2) білімі және түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, зерттелетін техникалық реттеу саладағы проблемаларды шешу және дәлелдерді қалыптастыру;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар жасау үшін ақпаратты жинау және түсіндіру;

4) техникалық реттеу саласындағы мамандарға да, маман еместерге де ақпараттар, идеялар, проблемалар мен шешімдер туралы хабарлау;

5) зерттелетін техникалық реттеу саласында қосымша білім алуды жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын қалыптастырады.

 

 


PDF