Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

 білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат түлек моделі

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар маманы - ол келесі дағдыға ие қызметкер: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелер саласында спецификацияларды дайындау, жобалау, әзірлеу, орнату, қолдау, қызмет көрсету, басқару, бағалау және зерттеу (компьютерлік жүйелердің әзірлеушілері мен сарапшылары, бағдарламашылар, компьютерлік мамандар, электроника инженерлері, байланыс және аспап жасаушы инженерлер, өнеркәсіптік роботтарға техникалық қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету және т.б.) 
Білім беру бағдарламасының мақсаты

ғылыми ізденістер мен шығармашылық қабілеттеріне ие, еңбек нарығы мен технологияларының өзгеріп келе жатқан қажеттіліктерін бейімдеуге негізделген кең ауқымды іргелі білімді, бастамашылыққа ие жаңа білім беру маманын дайындау

Берілетін дәреже 
«6В06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры
Маман лауазымдарының тізбесі
ақпараттық технологияларды зерттеуші, жүйелік аналитик, жүйелік және желілік әкімшілендіру маманы (жүйелік әкімші), техникалық құжаттама жасаушы, бағдарламалық жасақтама дизайнері, бағдарламалық қамсыздандыру бойынша маманы, ақпараттық қауіпсіздік маманы, ақпараттық ресурстарды жобалау және басқару жөніндегі маманы, дерекқор әкімшісі 
Кәсіби қызметтерінің нысандары
бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері болып адам қызметінің түрлі салаларында автоматтандырылған басқару жүйесін әзірлейтін, енгізетін және пайдаланатын әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар табылады. Білім беру ұйымдары: колледждер, ЖОО.
Кәсіби қызметтерінің функциялары 

компьютерлер, комплекстер, жүйелер мен желілер, ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері, компьютерлер мен ақпараттық жүйелер үшін бағдарламалық қамтамасыз ету

Жеке қабілеттері

1. Жалпы азаматтық қасиеттер: патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік,  азаматтық сана-сезімімен, белсенді өмірлік ұстанымымен ,заңға бағынушылығымен, өзінің азаматтық құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін түсінумен айқындалады.

2.  Рухани-адамгершілік қасиеттер: ізгілік, адалдық, ар-ождан, басқа сенімдерге төзімділік, бейбітшілік пен әдет-ғұрыптарға көзқарастар, парасаттылық, мейірімділік.

3.  Интеллектуалды қасиеттері: білім алу қабілеті, сыни және эмоциялық ойлау қабілеті, ағылшын тілін білу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру, өмір бойы білім алу қабілеті.

4.  Іскерлік қасиеттері: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, икемділік, командада жұмыс істей білу, төтенше жағдайларда стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті.

5. Ұйымдастырушылық-ерік қасиеттері: мақсатқа ұмтылу, өзіне талап ету, өзін-өзі бақылау, ұйымшылдық, коммуникабельділік, жалпы мәдениеттің болуы, ерік-жігер, белгіленген мақсатқа жету қабілеті.

6.  Ерекше қасиеттері: міндеттерді шеше білу, аналитикалық ойлау , командада жұмыс істей білу, жауапкершілік.

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады:

1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу;

2) ақпараттық технологиялар саласымен байланысты жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру;

4) мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау;

5) қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар саласында оқытуды жалғастыру.

 

 


PDF