Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Биотехнология

 «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша

бакалавриаттың түлек моделі

 

Биотехнолог – тағам өндірісінде, медицинада, ауыл шаруашылығында пайдалану мақсатында микробтық, өсімдік, жануар тектес биологиялық объектілермен биотехнологиялық процестерді жүзеге асырумен айналысатын жаңа формация маманы. Биотехнолог биологиялық белсенді заттарды шығарады, микроорганизмдерді, ферменттерді, өсімдіктер мен жануарлардың клеткалық дақылдарын пайдалана отырып, шикізатты өңдейді, өнім сапасын бақылайды, генетикалық және клеткалық инженерия саласындағы әдістемелік әзірлемелер мен жаңалықтармен айналысады
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім берудің, ғылыми зерттеулердің және практикаға бағытталған оқытудың өзара байланысы негізінде өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлар тұқымдарын, тағам өнімдерін, дәрілік препараттарды, косметикалық құралдарды және т. б. жасау үшін қазіргі заманғы биотехнологиялық әдістерді пайдаланатын жоғары кәсіби мамандарды даярлау

Берілетін дәреже
«6B05102 Биотехнология»  білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры
Маман лауазымдарының тізбесі
Биотехнолог, техник-микробиолог, тамақ өндірісінің инженер-технологы, сапа жөніндегі инженер-технолог, биолог-зерттеуші, биофармаколог, биохимик, гендік инженер, колледж оқытушысы, ғылыми қызметкер, тірі жүйелердің сәулетшісі, биоинженер, заттар мен препараттар дизайнері  (драг-дизайнер)
Кәсіби қызметтерінің  нысандары

биотехнологиялық, биологиялық, медициналық, ауыл шаруашылығы бейіндегі ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары; тағам және қайта өңдеу, микробиология, фармацевтика өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары мен зертханалары; экологиялық қызметтер мен ұйымдар; ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі зертханалар; зерттеу зертханалары; ауыл шаруашылығы кәсіпорындары; селекциялық станциялар; білім беру ұйымдары

Кәсіби қызметтерінің функциялары

- әртүрлі мақсаттағы биотехнологиялық өнімдерді өндіру, жаңа биотехнологиялық процесстерді әзірлеу;

- микроорганизмдер, өсімдіктер, жануарлар селекциясы;

- өнеркәсіптік және қайта өңдеу салаларында және экологияда биотехнологиялық әдістерді қолдану;

- биологиялық объектілердің көмегімен дәрілік препараттарды, тамақ өнімдерін жасау;

- микробиологиялық синтез, биокатализ, гендік инженерия және нанобиотехнологияларды пайдалана отырып алынған өнімдерді қоса алғанда, өнімнің жаңа түрлерін алу технологиясын жасау:

- бұзылған экожүйелерді мониторингілеу және биотестендіру әдістерін қолдану;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өндіріске енгізуге жәрдемдесу;

- білім беру мекемелерінде биологиялық және экологиялық пәндерді оқыту

Жеке қабілеттері

- белсенді өмірлік ұстанымымен, азаматтық сана-сезімімен, заңға бағынушылығымен, өзінің азаматтық құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін түсінумен айқындалатын Отанға деген сүйіспеншілікпен көрінетін патриотизм.

- ізгілік, адалдық, ар-ождан, басқа наным-сенімдерге, бейбітшілік пен әдет-ғұрыптарға көзқарасқа төзімділік, парасаттылық, қайырымдылық.

- білім алу, сыни және эмоциялық ойлау, ағылшын тілін білу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру, өмір бойы білім алу.

- еңбексүйгіштік, жауапкершілік, икемділік, икемділік, командада жұмыс істей білу, төтенше жағдайларда стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті.

- мақсатқа ұмтылу, өзіне талап ету, өзін-өзі бақылау, ұйымшылдық, коммуникабельділік, жалпы мәдениеттің болуы, ерік-жігер, белгіленген мақсатқа жету қабілеті.

- бақылау, шыдамдылық, ұқыптылық және шоғырлану
Бакалавр-биотехнологтарды оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады:

1) осы саладағы ең озық білім элементтерін негізделген, биотехнология саласындағы білім мен түсінікті көрсету;

2) кәсіптік деңгейде биотехнологиялық процестерді түсіну мен білімін қолдану; биотехнология саласы бойынша мәселелерді, міндеттерді шешу және дәлелдерді қалыптастыру;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пікірлерді қалыптастыру үшін технологиялар саласындағы ақпаратты жинау мен интерпретациялауды жүзеге асыру;

4) технология саласындағы ақпаратты, идеяларды, мәселелерді және шешімдерді мамандарға, сондай-ақ маман емес қызметкерлерге хабарлау

5) биотехнология саласында қосымша білім алуды жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру.

 

 


PDF