Экология
«Экология» білім беру бағдарламасы бойынша
бакалавриат түлек моделі
Эколог-қоршағанортаға бар және ықтимал зиянды азайту үшін жағдайды талдау мен және шараларды әзірлеумен айналысатын маман. Эколог қоршаған ортаға антропогендік әсерді төмендету үшін себептерді анықтайды және шешімдер әзірлейді. |
Білім беру бағдарламасының мақсаты |
Білім беру, ғылыми зерттеулер мен практиканың өзара байланысы негізінде қоғамның тұрақты даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін табиғи ортаның тепе-теңдігін реттеуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау |
Берілетін дәреже |
«6В05201-Экология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры |
Маман лауазымдарының тізбесі |
эколог, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі маман, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер (эколог), эколог-аудитор, эколог-сарапшы, ғылыми қызметкер, экологиялық инспектор |
Кәсіби қызметерінің нысандары |
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық басқармалар, ұлттықпарктер, қорықтар, қаумалдар, биосфералықрезерваттар, өнеркәсіптіккәсіпорындар, агроөнеркәсіптіккешендер, полигондар, білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеуинституттары мен орталықтар, экологиялық қоғамдық ұйымдар |
Кәсіби қызметтерінің функциялары |
- кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық және өзге де қызметін экологиялық сүйемелдеуді жүргізу; - деректерді жинау және қоршаған ортаның ластанудеңгейіне зертханалық зерттеулер жүргізу; - кәсіпорындардың табиғатты қорғау қызметінт алдау және оны реттеу; - жасыл технологияларды енгізу саласындағы консалтингтік ұсыныстар; - экологиялық мәселелер бойынша халыққа кеңес беру қызметтері; - экология саласында экологиялық мониторинг, ғылыми-зерттеужұмыстарын жүргізу; - халық арасында қоршаған ортаны қорғау бойынша насихаттау; - жобалық, жоба алдындағы құжаттаманың халықаралық стандарттарға сәйкестігі бөлігінде экологиялық сараптама бойынша жұмыс; - экологиялық заңнаманың, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық конвенциялардың талаптары бойынша ҚР міндеттемелерінің сақталуын бақылау; - қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық жұмыс; -ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өндіріске енгізуге жәрдемдесу |
Жеке қабілеттері |
Басқа сенімдерге төзімділік, сыни ойлау, ағылшын тілін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру, өмір бойы білім ала білу, командада жұмыс істей білу, төтенше жағдайларда стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті, ұйымшылдық, коммуникабельділік, белгіленген мақсатқа жету қабілеті, табиғатқа деген сүйіспеншілік |
Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары) |
Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады: 1) осы саладағы ең озық білім элементтерін қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы тұжырымдамалардың білімі мен түсінігін көрсету; 2) қоршаған ортаны қорғау саласында білімі және түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша міндеттерді, мәселелерді шешу және дәлелдерді қалыптастыру; 3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттарды жинау және түсіндіру; 4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман емес мамандарға да хабарлауға міндетті; 5) осы салада қосымша білім алуды жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру. |