Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Биология

 «Биология» білім беру бағдарламасы

 бойынша бакалавриаттың түлек моделі

 

Биолог – бұл мамандықта тірі ағзалардың жалпы қасиеттері мен даму заңдылықтарын оқып үйренеді. Биолог медицинаның негізгі фундаменттерін әзірлейді, өнеркәсіптің био және жасыл технологиясын, жобалау бағыттарының мониторингін және жер бетіндегі биологиялық әртүрлілікті сақтайды.
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Жоғары білікті ғылымда кәсіби құзіреттілігі қалыптасқан, биологиялық ғылым саласындағы білім негіздерімен қаруланған, өндірістік және педагогикалық іс-әрекетте қабілетті маман дайындау

Берілетін дәреже
«6B05101-Биология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры
Маман лауазымдарының тізбесі
Табиғатты пайдалануды реттеу мемлекеттік басқармасында және табиғат ресурстары әкімдігінде және тағы басқа мекемелерде маман, орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінде инспектор, ауыл шаруашылық басқармасында маман, экологиялық қызмет ұйымдарында маман,  республикалық табиғат қорғау агенттігінде және ғылыми-зерттеу институтында маман, санитарлық-эпидемиологиялық  станциясында ғылыми қызметкер, ұлттық паркте, сұрыптау орталығында, биотехнологиялық зертханада, хайуанаттар қорығында, ботаникалық бақта, табиғат мұражайында зерттеуші биолог, микробиолог,кіші ғылыми қызметкер,  колледжде, гимназияда, орта мектепте биология пәнінің мұғалімі, биология саласында аудармашы, дәрігерлік және зертханалық құралдарды сату арқылы менеджер. 
Кәсіби қызметтерінің нысандары

- басқару органдары, бөлім; -

- өнеркәсіптік өндірісі;

- жобалық және ғылыми зерттеу ұйымдары;

- орта мектептер, лицейлер,  гимназиялар, колледждер;

- ұлттық парктер, қорықшылары;

- сұрыптаушы, биотехнологиялық, микроклональды зертханалар;

- қаржылық ұйымдар, бизнес-құрылымдары, т.б. мекемелер Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес жоғары кәсіби білімді талап етеді.

Кәсіби қызметтерінің функциялары

- обьектілердің жіктелуі, талдаудың орындалуы, нәтижелердің тіркелуі;

- ғылыми зерттеушіліктің орындалуы;

- өріс зертханасында биологиялық материалдың өңделуі және жинақталуы;

- эксперименттік әдістердің сапалы талдануы;

- өндірісте ғылыми-зерттеудің қорытындысын іске асыру;

- таңдалған ғылыми бағытта ақпараттық-іздеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- оқу орындарында тиісті мамандар педагогикалық іс-әрекетті орындауы;

- жұмыс беруші мен серіктестіктің ғылыми зерттеуді бастауы;

Жеке қабілеттері

- патриоттық

- кемеңгер

- адалдық

- төзімділік

- шығармашылық

- сындарлы ойлау

- оқу барысында білу өмір бойы

- еңбекқор

- жауапкершілік

- бейімділік

- командада жұмыс істеу дағдысы

- мақсаткерлік

- өздігінен талап ететін

- ұйымдастырғыш

- әлеуметтілік

- ортақ мәдениетке ие болу

- табиғатқа деген сүйіспеншілік

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады:

1) қазіргі биология саласындағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету;

2) білімі және түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, қазіргі биология саласындағы проблемаларды шешу және дәлелдерді қалыптастыру;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар жасау үшін ақпаратты жинау және түсіндіру;

4) мамандарға да, маман еместерге де ақпараттар, идеялар, проблемалар мен шешімдер туралы хабарлау;

5) зерттелетін салада қосымша білім алуды жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру.

 

 


PDF