Информатика
«Информатика»білім беру бағдарламасы бойынша
бакалавриат түлек моделі
Информатик - заманауи ақпараттық жүйелерді енгізумен, компьютерлік технологияларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен және жетілдірумен айналысатын маман. Информатик компьютерлік ғылымдар саласындағы мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істеу үшін АТ-жүйелерін әзірлеу дағдыларын пайдаланады. |
Білім беру бағдарламасының мақсаты |
микропроцессорлық жүйелер мен микроконтроллерлерді бағдарламалау және жобалау саласында, деректерді интеллектуалды талдау және машиналық оқыту саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды әзірлеу және енгізу, корпоративтік ақпараттық жүйелерді құру және жетілдіру бойынша жоғары кәсіби мамандарды даярлау. |
Берілетін дәреже |
6В06101 Информатика білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры |
Маман лауазымдарының тізбесі |
бизнес аналитик, бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу бойынша маман, бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу бойынша маман, деректер қорын басқару бойынша маман, жүйелік әкімші, орта мектеп мұғалімі, колледж оқытушысы |
Кәсіби қызметтерінің нысандары |
АТ-компаниялары, аналитикалық компаниялар, дамыған АТ-инфрақұрылымы бар ірі компаниялар, мемлекеттік мекемелер, интернет-компаниялар, жобалау және ғылыми-зерттеу институттары, басқару органдары, департаменттер, қаржы ұйымдары, бизнес-құрылымдар, білім беру ұйымдары, оқу орындары, өнеркәсіптік өндіріс |
Кәсіби қызметтерінің функциялары |
- МК нақты типтеріне арналған резиденттік бағдарламалық қамтамасыз етудің фрагменттерін, микроконтроллерлердің (МК) берілген типіндегі аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау; - жіктеу, кластерлеу, болжау және скоринг міндеттерін шешу үшін деректерді қазіргі заманғы талдау әдістерін қолдану; - пайдаланушылардың сұраныстарын, пәндік сала модельдерін талдау негізінде кәсіби қызмет объектілерінің жекелеген компоненттерінің талаптары мен ерекшеліктерін әзірлеу; - бизнесті басқару үшін АЖ мен АКТ-ны қолдануға талдау және бағалау жүргізу; - кәсіпорындардың бизнес-процестері мен АТ-инфрақұрылымына аудит жүргізу; - ұйымның бизнес-үдерістерін және АКТ-жобаларын жақсарту бойынша шешімдерді қабылдау; - ұйымның бизнес-процестеріне және/немесе АКТ-жобаларына қойылатын талаптарды басқару; - білім беру ұйымының саясаты шеңберінде оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын өздігінше таңдау қабілетін көрсету; - мультимедиялық және басқа ІТ-технологияларды кеңінен қолдана отырып педагогикалық қызметті жүзеге асыру. |
Жеке қабілеттері |
- ұйымшылдық; - аналитикалық ойлау; - бастамашылық; - ойлау икемділігі; - зейінділік; - нәтижеге бағдар; - жауапкершілік; - стресс тұрақтылығы; - ұқыптылық; - өзін-өзі дамыту және өздігінен білім алу қабілеті; - орындаушылық; - кәсіби деңгейін арттыруға ұмтылу; - жеделдік; - жоғары білімділік қабілеті; - коммуникабельность; - сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу. - топта жұмыс істей білу; - креативтілік, жұмысқа жаңа тәсілдерді ұсына білу. |
Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары) |
Білім беру бағдарламасын бітіргеннен кейін түлектер: 1) осы саладағы ең озық білім элементтерін қоса алғанда, жаратылыстану ғылымдары саласындағы білім мен түсінікті көрсету; 2) жаратылыстану ғылымдары саласындағы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдану; 3) жаратылыстану ғылымдары саласындағы мәселелерді шешу және дәлелдерді тұжырымдау; 4) әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін жаратылыстану ғылымдары саласындағы ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыруға;; 5) жаратылыстану ғылымдары саласындағы ақпаратты, идеяларды, мәселелерді және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге да хабарлау. |