Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Мемлекеттік және жергілікті басқару

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы

 бойынша бакалавриаттың түлек моделі

 

«Мемлекеттікжәне жергілікті басқару» саласындағы маман – басқарушылық қызметті әр түрлі салада экономикалық және әкімшілік-территориялдық бірліктің (округтар, аудандар, қалалар, облыстар) және Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуын жүзеге асырады. Экономикадағы көп қырлы жағдайлар және оның бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлатуына, әкімшілік-территориялдық бірліктеріне сәйкес келетін экономикалық және әлеуметтік дамуына негізгі перспективалары үшін жоспарлы-болжамдар есебі өткізіледі.
Білім беру бағдарламасының мақсаты

ғылымның негізінде шаруашылық шешімдер қабылдау, жергілікті факторлар және оның болуына жалпы мемлекеттік қызушылық басымдылығының сақталған жағдайында есепке алынуы үшін жоғары білікті мамандар даярлау; экономикадағы көп қырлы жағдайлар және оның бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлатуына, әкімшілік-территориялдық бірліктеріне сәйкес келетін экономикалық және әлеуметтік дамуына негізгі перспективалары үшін жоспарлы-болжамдар есебін өткізу.

Берілетін дәреже
«6В04105 Мемлекеттікжәне жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры
Маман лауазымдарының тізбесі
басқарушылық қызметтер, орталық және жергілікті басқару органдарының  экономистері, мемлекеттік кәсіпорын менеджерлері, акционерлік қоғамдар, өндірістік компаниялар, холдингтер, қызмет саласындағы қызметтер және т.б., қаржы-несие секторының басқарушылық құрылымының менеджер-экономистері, әлеуметтік саладағы экономика бойынша мамандар.
Кәсіби қызметтерінің нысандары

Бітірушінің кәсіби қызметтерінің объектілері болып табылады:

- Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігі мен аппараты;

- ҚР Парламент аппараты;

- ҚР Үкімет бөлімшесінің әртүрлі құрылымы;

- Экономикалық және қаржы басқару органдары (министрлік, ведомствалық және агенттік) ;

- Жергілікті басқару органы (аудан әкімшіліктері, қалалардың, облыстардың) және атқарушы органдары аппараттары;

- Мемлекттік, ұлттық және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар және т.б.

Кәсіби қызметтерінің функциялары 

- Әлеуметтік-экономикалық даму процесін әртүрлі сала бойынша әкімшіліктері аумақтық бірліктері (округтар, аудандар, қалалар, облыстар);

- Әкімшілік экономикалық жетістіктерін жетілдіру бойынша иновациялық қорытындылар мен ұсыныстарды әзірлеу мақсатында аумақтардың, әкімшілік аудандар мен облыстардың әлеуметтік-экономикалық даму процесін сипаттайтын көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жасау;

- жалпы мемлекеттік мүдделердің басымдығын сақтай отырып, жергілікті факторларды және оларды жүзеге асыру шарттарын ескеретін ғылыми негізделген шаруашылық шешімдер қабылдау;

- нарықтық экономика және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жағдайында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикалық және әлеуметтік даму перспективаларын ғылыми негіздеу үшін жоспарлы-болжамды есептеулерді жүргізу;

- жергілікті өкілетті органдардың аймақ  экономикасын стратегиялық дамыту және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мәселелері бойынша заң шығару бастамашылығы көрінісінде белсенділігін ынталандыру мақсатында талдамалық, анықтамалық, нормативтік-нұсқаулық және басқа да материалдар дайындау;

-жергілікті шаруашылықтың, сондай-ақ жергілікті басқару органдарының еңбек құралдары мен нәтижелеріне меншік нысандарының әртүрлі арақатынасы кезінде тиімділігін арттыру және құрылымын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды негіздеу

Жеке қабілеттері  

Жалпы азаматтық қабілет: патриотизм, Отанына деген сүйіспеншілік, азаматтылық, белсенді өмірлік ұстанымы анықталатын, азаматтық сана, заңға бағынышты, өздерінің азаматтық құқықтарын білу және түсіну, бостандық және міндет.

Рухани-адамгершілік қабілет: адамгершілік таныту, адалдық, ар-намыс, басқа сенімдерге төзімділік, әлемге және салттарға көзқарас, әдептілік, мейрімділік.

Зияткерлік қабілет: эрудициялы, маңызды және эмоционалдық ойлау, ағылшын тілін игеру, коммуникациялық және ақпараттық технологиялар, жүйелік ойлау қабілеті, өмір бойы оқи білу қабілеті.

Іскерлік қабілет: еңбекқорлық, жауапкершілік, бастамашылық, икемділік, бейімделу, топпен жұмыс жасай білу, төтенше жағдайларда стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті.

Ерікті-ұйымдастырушылық қабілет: мақсаттылық, өзіне талап қоюшылық, өзін сынаушылық, қйымдастырушылық, тұлғааралық дағдылар, стресс тұрақтылығы, жалпы мәдениеттің болуы, еркіндік, белгіленген мақсатқа жету қабілеттілігі.

Ерекше қабілет: кәсіби міндеттерді шешу үшін жобаларды жоспарлау және басқаруды білу, кретивті ойлау.

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

   Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер:

1) осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету;

2) білімі және түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, зерттелетін саладағы проблемаларды шешу және дәлелдерді қалыптастыру;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар жасау үшін ақпаратты жинау және түсіндіру;

4) мамандарға да, маман еместерге де ақпараттар, идеялар, проблемалар мен шешімдер туралы хабарлау;

5) зерттелетін салада қосымша білім алуды жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру.

 

 


PDF