Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Экономика

«Экономика» білім беру бағдарламасы

 бойынша бакалавриаттың түлек моделі

 

Экономист- экономика саласындағы маман, экономикалық мәселелер бойынша сарапшы. Экономистер деп ғалымдарды (яғни экономиканы зерттеу саласындағы мамандарды), сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және басшылық саласында жұмыс істейтін практиктерді де атаймыз. Экономист - кәсіпорындағы ең маңызды мамандар. Экономист жұмысы ең аз шығындармен жоғары пайда алу үшін мақсаттарды дұрыс орналастыруда табылады.
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Экономикасының аясында кәсіби білімі, іскерліктері мен дағдылары бар мамандарды дайындау және нақты экономикалық жобаны іске асыруға, сондай-ақ   алға қойылған экономикалық міндеттерді шешуге қажет деректерді өңдеу, талдау және жинауды жүзеге асыру үшін құрылған топтардың қызметін ұйымдастыруға қабілетті мамандарды дайындау .

Берілетін дәреже 
«6B04101 Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры
Маман лауазымдарының тізбесі
Экономист, бухгалтер, қаржы сарапшысы, менеджер, сақтандыру агенті, салық инспекторы, банкир, биржалық брокер, биржалық дилер, қаржы кеңесшісі, қаржы сарапшысы, коммерциялық директоры, сарапшы-экономист, сыртқы экономикалық қызмет бойынша маман
Кәсіби қызметтерінің нысандары

қызмет түріне, көлеміне, меншік нысаны мен қатысушыларының санаттарына (ҚР резиденттері мен резиденттері емес) тәуелді емес ұйымдар және фирмалар, қоршаған ортаны қорғау ұйымдастыру және табиғатты ұтымды пайдалану, әр түрлі деңгейдегі жалпы білім беру ұйымдары (гимназиялар, колледждер), жобалық және ғылыми-зерттеу институттары.

Кәсіби қызметтерінің функциялары 

- өндірістік бағдарламаларды, жобаларды, кәсіпорынның даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ету; - ұйымдастыру, кәсіпорынды басқару және фирманың нарықтық стратегиясын қалыптастыру бойынша қызметі жоспарлау және үйлестіру;

- барлық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша, соның ішінде: жоспарлау, болжау, шығындарды басқару және материалдық-техникалық жабдықтау, логистика, өткізу іс-шараларын әзірлеу;

- жалақыны есептеу әдістемесін, тиімділігін, еңбек нормасын және т.б. жетілдіру;

- сыртқы экономикалық қызметті жоспарлау және жүзеге асыру;

- жоспарлауды басқару және жобалық, жоба алдындағы құжаттамаға сараптама жасау жұмыстарын жүзеге асыру, яғни оның халықаралық стандарттарға сәйкестігі; - экономикалық талдауды іске асыру;

- негізгі құралдар мен материалдар бойынша аналитикалық есептеулерді жүргізу, шығын баптарын нормалау;

- экономикалық-ұйымдастырушылық және басқару қызметінің барлық түрлеріне бақылау жүргізуді жүзеге асыру;

- өндіріс және көрсетілетін қызметтерді іске асыру үшін қажетті материалдық, еңбек және қаржылық шығындар бойынша есеп айырысуды орындалу, өнімнің, техника және технология, жаңа жобаның жаңа түрлерін игеру.

Жеке қабілеттері  

Жалпы азаматтық қасиеті: өмірлік ұстанымы белсенділігімен айқындалатын патриотизм, азаматтылық  азаматтық сана, заңға бағынушылық, өздерінің азаматтық құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне түсінушілік таныту, азаматтық, ҚР салық заңнамасын білу.

Рухани-адамгершілік қасиеттер: адамгершілік, адалдық, ар-намыс, шыдамдылық, басқа нанымдарға, көзқарастарға, әлем мен салт-дәстүрлерге толеранттық таныту, ұқыптылық, мейірімділік.

Зияткерлік қасиеттер: үлкен ақпарат көлемін өңдеуге және жұмысқа дайындығы, мағлұматтылығы, сыни және логикалық ойлау, жақсы аналитикалық дағдылары, "суретті тұтастай" көру, стратегиялық ойлау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, Excel бағдарламасын сенімді иелену, өмір бойы білім білім алуға ұмтылу, ағылшын тілін меңгеру.

Іскерлік қасиеттер: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, икемділік, тез бейімделу, топта жұмыс істей білу қабілеті,  шұғыл жағдайларда стандартты емес шешімдерді қабылдау, деректердің құпиялылық стандарттарын түсіну, бизнес қағидаттары мен тәжірибесін терең түсіну.

Ұйымдық-еріктік қасиеттер: мақсаткерлік, өзіне талап қоя білуі, өзіне сын көзбен қараушылық, ұйымдастырушылық, қарым-қатынасқа бейімділігі, жалпы мәдениет, ерік-жігер,  қойылған мақсатқа жету үшін қабілеті, тапқырлық, бастамашылдық және идеяларды генерациялау қабілеті, ұжымда және ұжыммен жұмыс жасауға  қажеттілік, жетістік сезімі.

Ерекше қасиеттер: жоғары жұмыс қабілеттілігі,  үздік болу үшін тұрақты түрде талпыну, бәрін ең жақсы түрде істеуге ұмтылу.

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады:

1) экономика саласында, алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету;

2) осы білімі және түсінігін кәсіби деңгейде қолдану.

3) экономикалық бейінін оқу процесінде кәсіби міндеттерді шешу және дәлелдерді тұжырымдау;

4) ақпаратты талдау үшін әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар жасау үшін ақпаратты жинау және түсіндіру;

5) мамандарға да, маман еместерге де ақпараттар, идеялар, проблемалар мен шешімдер туралы хабарлау;


PDF