Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Журналистика

 «Журналистика» білім беру бағдарламасы

 бойынша бакалавриаттың түлек моделі

 

Журналист – бұқаралық коммуникация құралдары арқылы өзекті ақпаратты жинау, өндеу және таратумен айналысатын маман. Журналист тұлға мен жалпы қоғам арасындағы, сонымен қатар түрлі қоғамдық салалар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты

БАҚ және қоғамммен байланыс дамуының жеке бағыттары бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгерген, қоғам дамуының өзекті мәселелері бойынша ақпаратты жинау, өңдеу, редакциялау, сонымен қатар қоғамды ақпараттандыру үшін баспасөз қызметі жұмысын жоспарлау және жүзеге асыру қабілеттері бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Берілетін дәреже
«6В03201- Журналистика» білім бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры
Маман лауазымдарының тізбесі
Тілші, репортер, әдеби қызметкер, баспасөз-хатшы, референт, баспасөз қызметінің қызметкері, шолушы, комментатор, жаңалықтар жүргізуші, модератор, продюсер, редактор, жауапты хатшы, публицист, редактор-маман, қоғаммен байланыс бойынша маман, комуникациялық құрылымның менеджері, сарапшы-информатор, спичрайтер, веб-редактор, копирайтер, smm-менеджер, жарнама агенті.
Кәсіби қызметтерінің нысандары

- бұқаралық ақпарат құралдары және қоғаммен байланыс бойынша қызмет редакциялары;

- басқарма органдары, департаменттер;

- саяси, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер мен консалтингтік құрылымдар;

- жарнама агенттіктері.

Кәсіби қызметтерінің функциялары

- БАҚ арқылы қоғамды, жеке тұлғаны, мемлекетті ақпараттандыру;

- қоғамдық сананы қалыптастыруда мемлекетке көмек көрсету;

- Қазақстанда сөз бостандығы мен демократиялық қоғам негіздері қағидаларын қолдау;

- медиа-коммуникациялық және ақпараттық-зерттеу құрылымдарын жасау;

- редакциялық жұмыс кешендерін ұйымдастыру мен қолдау және ақпараттық стратегияны әзірлеу;

- қоғаммен байланыс мәселелері бойынша ақпараттандыру және кеңес беру;

- редакция, баспасөз қызметтері, ақпараттық агенттіктер, қоғаммен байланыс бойынша бөлімшелер, саяси, әлеуметтік және басқа құрылымдар, интернет-сайттар, ойын-сауық қызметтері кешендері мен акциялар әлеуметтік және кәсіби тапсырыстарын орындау;

- жарнама және PR агенттіктерді басқару.

Жеке қабілеттері

Жеке қабілеттері: отансүйгіштік, белсенді өмірлік ұстаным, азаматтық сана-сезім, заңға бағынушылық, толеранттық, білімдарлық,табандылық, шыншылдық, жалпы мәдениеттің болуы, сыни ойлау, өзінің азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін ұғыну.

Іскерлік қабілеттері: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, икемділік, бейімдегіш, топта жұмыс істей білу, шұғыл жағдайда ерекше шешім қабылдау қабілеттілігі, халықтың түрлі әлеуметтік топтар адамдарымен тиімді жұмыс істеу қабілеттілігі, адами психологияны білу, сабырлылық, тілдерді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру, жылдам оқуға қабілеттілігі.

Бакалавр-журналистердін оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады:

1) журналистика және қоғаммен байланыс саласындағы, сонымен қатар осы саладағы озық білім элементтерін қоса білім мен түсініктерін көрсету;

2) журналистика және қоғаммен байланыс саласындағы білім мен түсініктерін кәсіби деңгейде пайдалану;

3) журналистика және қоғаммен байланыс саласындағы дәлелдерді тұжырымдау және мәселелерді шешу;

4) әлеуметтік, этикалық және ғылыми пікірді қалыптастыру үшін БАҚ және қоғаммен байланыс саласындағы ақпаратты жинау және талдауды жүзеге асыру;

5) журналистика және қоғаммен байланыс саласындағы ақпаратты, идеяларды, мәселелер мен шешімдерді хабарлау.


PDF