Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Шетел филологиясы

«Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы

бойынша бакалавриат түлек моделі

 

Филолог - бұл жазбаша мәтіндерді зерттейтін және олардың мазмұнды, тілдік және стилистикалық талдау жасайтын маман.
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Экономика, бизнес, іскерлік басқару, мемлекеттік және екі шетел тілдерін еркін меңгерген, мәдениетаралық құзыреттілік және іскерлік басқару дағдылары бар білім беру қызметіне мамандар даярлау. Бұл бағдарлама сондай-ақ жалпы кәсіби аударма құзіретін қалыптастыруға бағытталған.

Берілетін дәреже
«6B02303 - Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры
Маман лауазымдарының тізбесі
оқытушы, мұғалім, редактор, хатшы, аудармашы, тіл білімі, білім беру саласындағы маман.
Кәсіби қызметтерінің нысандары
орта білім берудің оқу орындары: гимназиялар мен лицейлер, орта кәсіптік оқу орындары, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, кітапханалар, мәдениет мекемелері, тиісті ғылыми ұйымдар, мәдени мекемелер, халықаралық ұйымдар; ақпараттық және аналитикалық қызметтер.
Кәсіби қызметтерінің функциялары

- шетел тілдерін оқыту;

- іс-қағаздарды, оның ішінде шетел тілдерінде жүргізу;

- құжаттамалық талдау,

- мәтіндерді, соның ішінде шетел тілдерінде қысқаша мазмұн жасау және редакциялау;

- филолог-аудармашы қызметін атқару;

- материалдарды, құжаттарыд басылымға дайындау, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

- шетел тілдерін оқыту;

- халықаралық ұйымдарда референт ретінде жұмыс істеу.

Жеке қабілеттері

1. Зияткерлік қасиеттері: зерттеу дағдылары, эрудиция, сыни және эмоционалды ойлау, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды білу, өмір бойына үйренуге қабілетті.

2. Іскерлік қасиеттері: аналитикалық ақыл-ой, еңбекқорлық, жауапкершілік, икемділік, бейімделу қабілеті, командада жұмыс істеу қабілеті, төтенше жағдайлардағы стандартты емес шешімдерді қабылдау қабілеті, жұмыстың дәлдігі.

3. Ұйымдастыру және еріктілік қасиеттері: психикалық тұрақтылық, өзін-өзіне талап ету, өзін-өзі сынау, ұйымдастыру, қарым-қатынас, ортақ мәдениеттің болуы, мақсатқа жету қабілеті.

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады:

1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген шетел филологиясы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу;

2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру;

4) мамандарға және басқаларға ақпаратты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау;

5) зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыруға қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру.


PDF