Филология
«Филология» білім беру бағдарламасы
бойынша бакалавриат түлек моделі
Филолог – тілді, тіл тарихын және әдебиетін меңгеретін маман. Филолог тіл табиғатының ішкі қызметін, оның ғасырлар бойындағы тарихи қозғалыстарын үйренеді, сонымен бірге жазбаша түрде әдеби аудармаларды құрастырады. |
Білім беру бағдарламасының мақсаты |
Қазақ/ орыс тілі және әдебиеті салаларындағы іргелі арнайы құзыреттіліктерді және оларды оқытудың әдістемесін білетін, білім беру, әдістемелік, зерттеушілік және әлеуметтік-коммуникативтік қызметтерді жүзеге асыруға қабілетті, сондай-ақ филология мамандығының құндылықтарын меңгерген білім берудің бакалаврларын даярлау. |
Берілетін дәреже |
«Филология - 6B02301» білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры |
Маман лауазымдарының тізбесі |
Білім беру мекемелеріндегі оқытушы, IT ғаламтор саласындағы филолог-маман, корректор, БАҚ саласындағы лингвист-маман |
Кәсіби қызметтерінің нысандары |
Білім беру мекемелері, тілдер бойынша территориялық басқармалар, БАҚ, мемлекеттік органдар, кітапханалар және т.б. |
Кәсіби қызметтерінің функциялары |
- білім беру мекемелерінде филологиялық пәндерді оқыту; - түрлі мекемелерде іскерлік құжаттарды рәсімдеу; - аудармаларды жүзеге асыру; - білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысы; - кітапханашы болып жұмыс істеу; - түрлі мекемелерде тіл мәдениеті, шешендік өнер бойынша тренингтер өткізу. |
Жеке қабілеттері |
- патриотизм, адалдық, өзгелердің уәждемелеріне, көзқарастарына және салттарына толеранттылық таныту; - аналитикалық және сыни ойлау, кең дүниетаным, тілдерді, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды білу, өмір бойы білім алу; - еңбекқорлық, шыдамдылық, жауапкершілік, бейімділік, ұжыммен жұмыс істей білу қабілеті, зейінділік қабілеті, тиянақтылық; - жауапкершілік, мақсатқа жету, өзіне-өзі сын көзімен қарау, жинақылық, тұлғааралық дағдыларының болуы, мамандығына беріле жұмыс істеу. |
Филолог-бакалаврының оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары) |
Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады: 1) неғұрлым озық білім элементтеріне негізделген өздерінің филология саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсету; 2) тіл және әдебиет саласында білімдер мен дағдыларды кәсіби деңгейде қолдану; 3) лингвистикалық және әдебиеттанулық талдаулардың негізгі әдістерін, кәсіби міндеттерді шешу үшін мәтінді рефераттау әдістемесін ғылыми танымдық деңгейде меңгеру; 4) аударма теориясы мен практикасының негіздерін меңгеру; 5) зерттелетін салада қосымша білім алуды жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру. |