Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Тарих

6B02201 «Тарих» білім беру бағдарламасы

 бойынша бакалавриат түлек моделі

 

Тарихшы – тарихи үрдістер мен құбылыстарды өзінің социомәдениеттік, саяси, экономикалық өлшемдерінде қарастыра отырып, сол процестердің және құбылыстардың тарихи деректеріндегі көріністерін талдаумен айналысатын маман.
Білім беру бағдарламасының мақсаты

педагогикалық, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, сараптамалық-талдау, ұйымдастырушылық-басқару қызметтер негізін білетін, кәсіптік қызмет түрлеріне сәйкес кәсіпқой міндеттерді шеше алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.

Берілетін дәреже
6B02201  Тарих  білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры
Маман лауазымдарының тізбесі
мұрағатшы, мектеп, лицей, гимназия, колледждердің тарих пәні мұғалімі, кафедра әдіскері, кіші ғылыми қызметкер, референт-консультант, офис-регистратор, мемлекеттік қызметші
Кәсіби қызметтерінің нысандары

мұрағаттар, мұражайлар, сараптамалық-талдау орталықтар, ақпараттық-талдау саласындағы қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарында (электрондықтарды қоса алғанда), мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдар, туристік-экскурсиялық ұйымдары,жалпы білім беретін және арнайы мектептер, лицейлер, колледждер, гимназиялар, жоғары оқу орындары, мемлекеттік ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми институттар, педагогикалық және тарихи оқыту кабинеттері, басылымдар, әкімдіктер, кітапханалар, біліктілікті  арттыру институттары, БАҚ, ғылыми-зерттеу институттары, басқару органдары, департаменттер, білім ұйымдары, мәдени-білім орталықтары, этникалық орталықтар, әкімдіктер жанындағы Қазақстан халқының Кіші Ассамблеясы, археологиялық зертханалар 

Кәсіби қызметтерінің функциялары

Педагогикалық  қызметі:

- жалпы білім беретін мектептерде, орта арнайы және жоғары оқу орындарында тарих және қоғамтану курстарын оқытуда педагогикалық қызметі негіздеріндегі білімдерді тәжірибелік тұрғыда қолдану;

Ұйымдастырушылық-басқару қызметі:

- мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары шешімдер қабылдауға арналған талдау ақпаратын даярлау және өндеу;

Мәдени-ағарту қызметі:

- ұйымдар мен мәдениет мекемелер қызметінің тарихи-мәдени және тарихи-өлкелік аспектілерін ақпараттық қамтамасыз ету;

Сараптамалық-талдау қызметі: 

- талдау орталықтарын, қоғамдық пен мемлекеттік ұйымдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының тәжірибелік қызметтерін қамтамасыз етуге арналған ақпараттарды даярлау мен өндеу.

Жеке қабілеттері  

1. Жалпы азаматтық қасиеттер: Отанға деген сүйіспеншілікті білдіретін патриотизм, өзіндік өмір көзқарасы мен азаматтық сана сезімі бар, заңды құрметтейтін, өз азаматтық құқықтары, бостандығы мен міндеттері айқындалған азаматтық

2. Рухани-адамгершілік қасиеттер:  өзге де пікірлерге, көзқарастарға, әлемге және дәстүрлерге деген адамгершілік, әділеттік, ар-намыстық, толеранттық, адалдық, мейірімділік

3. Интеллектуалдық қасиеттер: эрудициялық, сын және эмоциалық ойлау, ағылшын тілін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік білу, өмір бойы оқи білу.

4. Іскерлік қасиеттер: еңбекқор, жауапкершілік, икемділік, бейімдеушілік, командада жұмыс жасай білу, шұғыл жағдайда әдеттен тыс айламен шешім қабылдау

5. Ұйымдастыру-жігерлі қасиеттер: 

Мақсаттылық, өзіне талап қоя білу, өзіне сын қоя білу, ұйымдастырушылық, комуникабельдік, жалпы мәдениеттің болуы, жігер, қойылған мақсатқа жете білу  

6. Ерекше қасиеттер:  тарихты құрметтеу

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады:

1) осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету;

2) білімі және түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, зерттелетін саладағы проблемаларды шешу және дәлелдерді қалыптастыру;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар жасау үшін ақпаратты жинау және түсіндіру;

4) мамандарға да, маман еместерге де ақпараттар, идеялар, проблемалар мен шешімдер туралы хабарлау;

5) зерттелетін салада қосымша білім алуды жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру.


PDF