5В070100 – Биотехнология мамандығы
5В070100-Биотехнология мамандығы келесі білім беру бағдарламаларын қарастырады:
Мал шаруашылығындағы биотехнология |
|
Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқып-үйрену – гендік инженерияны және жануарлардың жаңа тұқымын алу бойынша кеңінен игеруді, заманауи биотехнологиялық әдістерді асылдандыру жүмысында қолдануды, мал шаруашылығында сомалық және жыныс жасушаларының генетикалық трансформациялау негізінде маркерлік селекцияны қолдануды, жануарлардың жасуша культураларын ғылыми және тәжірибелік мақсаттарда қолдануды қарастырып, осы бағыттарда білім алуға негізделген. |
|
Азық-түлік өнімдерінің биотехнологиясы |
|
Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқып-үйрену – тағам биотехнологиясы, биологиялық объектілердің көмегімен тағам өнімдерін алу технологиясы бойынша, микробтық, өсімдік және жануартекті биологиялық объектілерді тағам өндірісінде қолдану мақсатымен биотехнологиялық үрдістерді іске асыруды, микроорганизмдердің өндірістік штаммдарының қасиетін өзгерту бойынша білім алуға мүмкіндік береді. |
Модульдік білім беру беру бағдарламалары
Әрбір мамандық үшін модульдік білім беру бағдарламасы әзірленеді – оқу бағдарламасы оқу модульдерінің жиынтығын қамтиды білім алушыларға белгілі бір дәрежеде және / немесе біліктілікті алу үшін қажетті құзыреттерді меңгеруге бағытталған.
- 2016-2017 оқу жылының модульдік білім беру бағдарламасы.
- 2017-2018 оқу жылының модульдік білім беру бағдарламасы.
- 2018-2019 оқу жылының модульдік білім беру бағдарламасы.
5В070100-Биотехнология мамандығының түлегіне 5В070100 - Биотехнология мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры дәрежесі беріледі