Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

6М050400-Журналистика

«Журналистика» білім беру бағдарламасы

 бойынша магистратураның түлек моделі

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Дәстүрлі және инновациялық БАҚ сұраныстарына жауап беретін, жоғары зияткерлік деңгейілі, ақпараттық сауаттылық және кәсіби мәдениетті ЖОО-да ғылыми және оқытушылық қызметке қабілетті медиа саласының жоғары білікті маманын дайындау.

Берілетін дәреже
«7М03201 – Журналистика» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі
Маман лауазымдарының тізбесі

- ЖОО-да журналистік пәндердің оқытушысы;

- медиалық ҮЕҰ құрылтайшысы (директоры);

- медиа және консалтингтік қызметтердің сарапшы-кеңесшісі;

- мемлекеттік және үкіметтік органдардың, коммерциялық құрылымдардың баспасөз орталықтары мен баспасөз қызметтерінің басшысы;

- БАҚ редакторы;

- халықаралық медиа ұйымдарының қызметкері;

- медиа және жарнамалық ұйымдар мен фирмалар менеджері.

Кәсіби қызметтерінің нысандары

- жоғары оқу орындары;

- бұқаралық ақпарат құралдары;

- мемлекеттік және үкіметтік органдардың, сонымен қатар коммерциялық құрылымдардың баспасөз орталықтары;

- жарнама агенттіктері;

- мемлекеттік және жекеменшікті баспалар;

- кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекеттік басқарудың органдары

Кәсіби қызметтерінің функциялары

- педагогикалық;

- консультациялық-сараптамалық;

- ғылыми-зерттеу;

- ақпараттық-шығармашылық;

- ақпараттық-аналитикалық;

- көркем-публицистикалық.

Жеке қабілеттері

1. Жалпы азаматтық қасиеттер: белсенді өмірлік ұстанымымен, заңға бағынушылығымен, өзінің құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін түсінумен айқындалатын патриоттық, азаматтық.

2. Рухани-адамгершілік қасиеттері: адалдық, ар-намыстылық, төзімділік.

3. Зияткерлік қасиеттері: білімдарлық, сыни және эмоциялық ойлау, үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілі, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру, өмір бойы білім алу қабілеті.

4. Іскерлік қасиеттері: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, икемділік, бейімдегіш, топта жұмыс істей білу, төтенше жағдайларда ерекше шешімдер қабылдау қабілеті.

5. Ұйымдастырушы-ерікті қасиеттер: мақсаттылық, өзіне деген талапшылдық, өзіне сын көзбен қараушылық, ұйымдастырушылық, байланысқа бейімділік, жалпы мәдениеттің болуы, белгіленген мақсатқа жету қабілеті, күйзеліске төзімділік, мобильділік.

6. Ерекше қасиеттері: жұмысқа креативті көзқарас, педагогикалық және ғылыми қызметке бейімділік.

Журналист -магистрлердін оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады:

1) зерттеу барысында идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде осы саладағы озық білімге негізделген журналистика, БАҚ, медиа-қызмет саласындағы дамып жатқан білім мен түсініктерді көрсету;

2) кең пәнаралық мәнмәтінде жаңа ортаның мәселелерін шешу үшін өз білімдерін, түсініктері мен қабілеттерін кәсіби деңгейде пайдалану;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми пікірді қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және талдауды жүзеге асыру;

4) медиа саласындағы мамандарға және мамандарға емес нақты және анық ақпаратты, идеялар, мәселелер мен шешімдерді  хабарлау;

5) журналистика, БАҚ, медиа саласындағы оқуын өз бетімен жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын көрсету.

 


PDF