Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

6М060600-Химия

«Химия»  магистратура білім беру бағдарламасы

түлегінің моделі

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Химия, химиялық талдау және химиялық технология салаларында ғылым, білім және өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін кәсіби және ғылыми құзыреттілікке және оларды практикалық, ғылыми қызметте жүзеге асыру дағдыларына ие, бәсекеге қабілетті, ғылыми құзыретті және педагогикалық кадрларды даярлау.

Берілетін дәреже

 «7М060600-Химия» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану магистрі

Маман лауазымдарының тізбесі

инженер-химик; химик-сарапшы; ғылыми қызметкер; химик-технолог; химия пәнінің оқытушысы, әдіскер, химик-аналитик, өндірістік зертханалар менеджері; зертханашы

Кәсіби қызмет нысандары

мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі жоғары оқу орындары; арнайы-орта оқу орындары мен мектептер; білім беру, химия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік басқару органдары; ғылыми-зерттеу институттары; өндіріс зертханалары; аналитикалық-бақылау қызметінің мекемелері; стандарттау және сертификаттау орталықтары; табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау органдары; сот және сот-медициналық сараптама жүйесі.

Кәсіби қызметінің функциялары

- химия және химиялық технология, аралас облыстар саласында ғылыми зерттеулер жүргізу

-дәрілік препараттардың, азық-түлік өнімдерінің, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын химиялық және физика-химиялық талдау; 

-химиялық және физика-химиялық әдістер арқылы қоршаған орта объектілерінің химиялық құрамын сапалық және сандық талдау;

- экономика мен өнеркәсіптің химия салаларында өндірістік және технологиялық процестерді жүзеге асыру;

- жоғары және арнайы орта білім беру оқу орындарында, мектептерде химиялық пәндерді оқыту;

Тұлғалық қасиеттері

өмір бойы оқу қабілеті;

эрудит, сыни және эмоциялық ойлау;

шет тілін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру;

еңбекқорлық;

жауапкершілік;

бейімделуі;

ұйымда жұмыс істей білу;

төтенше жағдайларда стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті;

мақсат қоя білу;

өзін-өзі сынау;

ұйымдастырушылық;

белгіленген мақсатқа жете білу қабілеті.

Магистрант-химиктерді оқыту нәтижелері (Дублиндік дескрипторлар)

Білім беру бағдарламасын бітіргеннен кейін түлектер:

1) идеяларды, оның ішінде ғылыми зерттеулер контекстінде дамытуға немесе қолдануға негіз немесе мүмкіндік болып табылатын жоғары білім деңгейінде алынған химия саласындағы дамытушы білім мен түсінікті көрсете білу;

2) химиямен байланысты жаңа немесе бейтаныс жағдайлардағы контекстерде және анағұрлым кең (немесе пәнаралық) салалар шеңберінде білімді қолдану, түсіну және мәселелерді шешу қабілеті;

3) білімді біріктіру, қиындықтарды жеңе білу және толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде осы пайымдаулар мен білімді қолдану үшін этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып, пікір білдіру;

4) өз тұжырымдары мен білімдерін және олардың негіздемесін мамандар мен маман емес адамдарға нақты және анық жеткізе білу;

5) оқуды өз бетінше жалғастыру.

 


PDF