Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қаржы

«Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша

магистратураныңтүлек моделі

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызметті жүзеге асыру барысында коммерциялық кәсіпорындарды басқаруға практикалық дағдыларды, терең кәсіптік оқыту, көшбасшылық дағдыларымен қатар ұйымдастырушылық-басқарушылық, өндірістік-басқарушылық, аналитикалық іс-шараларда кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті, еңбек нарығында бәсекегеқабілетті, қаржылық бақылауды және талдауды қазіргі заманға сай енгізу және пайдалану мүмкіндігі бар, мемлекеттік және қаржы секторларының экономикасын басқарудың әдістерін білетін, жоғары білікті кадрларды дайындау.

Берілетін дәрежесі 
«7М04104 Қаржы» білім беру бағдарламасы  бойынша экономика ғылымдарының магистрі
Маманның лауазымдық  тізімі
қаржы бойынша бас және  жетекші  қаржы маманы, қаржы директоры, коммерциялық директоры, қаржы талдаушысы, аудитор немесе ревизор, сыртқы экономикалық қызметтегі маман: республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда, банктерде, қор биржаларында, қаржылық және сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорларында, ҚР қаржы Министрлігінде, ҚР Ұлттық Банкінде, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларында, қазынашылық органдарында, әртүрлі деңгейдегі әкімшіліктеріндегі қаржы бөлімдері мен бөлімшелерінде, кәсіпорындардың қаржылық қызметтерінде және барлық меншік нысанындағы ұйымдар, мұғалім, ҒЗИ ғылыми қызметкері.
Кәсіптік қызметтің объектілері

коммерциялық банктер, микрокредиттік ұйымдар, сақтандыру компаниялары, қор биржалары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, ипотекалық және лизингтік компаниялар, орта кәсіптік және жоғары оқу орындарының салалары мен қызмет салаларына, мемлекеттік органдар мен инфрақұрылымға қарамастан, меншік нысандарының барлық түрлері мен ұйымдары, ғылыми-зерттеу және сараптамалық консалтингтік ұйымдар, ведомствоаралық, өңіраралық және халықаралық ғылыми жобалау ұйымдары.

Кәсіби қызметінің функциялары

- нормативтік құжаттар мен әдістемелік материалдарды әзірлеу, сондай-ақ дайындалған жобалар мен бағдарламаларды іске асыру бойынша ұсыныстар мен шаралар;

- қаржы және несие саласындағы өзекті  мәселелерді анықтау және зерттеу;

- қаржы және несие  саласындағы жоспарлар мен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми бөлімдер мен жеке орындаушыларға  арналған тапсырмаларды дайындау;

- қаржы-экономикалық зерттеулерді жүргізу әдістері мен құралдарын әзірлеу, нәтижелерді талдау;

- кәсіби қызметтің саласына қатысты зерттелген үрдістердің, құбылыстар мен объектілердің теориялық модельдерін әзірлеу, нәтижелерді бағалау және түсіндіру;

- білім беру бағдарламалары мен оқу- әдістемелік  материалдарын әзірлеу.

Жеке қасиеттер

1.Жалпы азаматтық қасиеттер: Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық, белсенді өмірлік ұстаным, азаматтық өзін-өзі тану, заңға мойынсұнушылық,  азаматтық құқықтарын түсіну арқылы патриоттық сезімді ояту.

2.Рухани-адамгершілік қасиеттері: адамгершілік, адалдық, басқа нанымдарға төзімділік, дүниетанымдық көзқарастар мен әдет-ғұрыптар, адалдық, мейірімділік.

3.Зияткерлік қасиеттері: аналитикалық ақыл-ой, стратегиялық ойлау, ауқымды ойлауға және көптеген ақпараттарды қабылдау, эрудицияны дамыту, ағылшын тілін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білу, өзін-өзі тануды білу.

5. Іскерлік дағдылар: еңбекқорлық, жауапкершілік, қарым-қатынас дағдылары және басқа адамдардан ақпарат алу қабілеті, топтық жұмыс, икемділік, өз пікірін білдіру, мінсіз беделі, төтенше жағдайлар кезінде стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті.

6.Ұйымдастырушылық-еріктілік қасиеттері: шешімділік, мақсаттылық, ұқыптылық, өзін-өзі сынау, ұйымдастыру, тактика, этика, мақсатқа жету қабілеті.

7. Ерекше қасиеттер: нарықтың және экономиканың жай-күйін егжей-тегжейлі білу, жобалардың өміршеңдігін бағалау, инвестициялық технологияларды білу және қор нарығының жағдайы, банк сегментін толық түсіну, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мүмкіндігі.

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

   Білім беру бағдарламасы бойынша соңында түлектер:

1) осы саладағы ең озық білім элементтерін қоса алғанда, қаржыландыруды ұйымдастыру, жоспарлау және тиімді пайдаланудағы білім мен түсінігін көрсету;

2) макро және микро деңгейлерінде қаржы ресурстарын пайдалануды жоспарлау, болжау, реттеу және басқару саласындағы мәселелерді шешу үшін білімді, түсінушілікті және кәсіби деңгейді қолдану;

3) инвестициялық жобаларды бағалау, қаржылық жоспарлау және болжау саласындағы ақпараттарды жинау және түсіндіру, қаржы нарықтарының және институттардың әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарын ескере отырып, пікір қалыптастыру;

4) мамандарға және сол сияқты маман еместерге  қаржы ресурстарын қалыптастыру, жоспарлау, тарату және тиімді пайдалану саласында ақпарат, идеялар, тұжырымдар, проблемалар мен шешімдерді жеткізу;

5) қаржыны тиімді пайдалану мен жоспарлау, ұйымдастыру облысында қосымша оқытуды жалғастыруға қажетті оқыту дағдыларын жетілдіру.

 


PDF