Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

6М120100-Ветеринарлық медицина

«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша

магистратураның түлек моделі

 

Ветеринарлық медицина –жануарлар ағзасының бұзылуында әртүрлі жарақаттар мен аурулардың алдын–алуымен айналысатын және оларды балап емдейтін ғылымның жеке бір бөлімі. Тәжірибелік шаралардың әсерлігін және теориялық білім саласын қамтиды. Бұдан басқа ветеринария қоршаған ортаның вет-санитар- лық мәселелерін шешеді

Білім беру бағдарламасының мақсаты

әлемде шынтуайтында дамушы кәсіптік мобилдікті нақтылайтын,ғылымда шешуші болып және тәжірибелік мәселелерді, зерттеу, басқару және оқытушылық  шараларды іске асырып, жоғары дәрежелі, бәсекелі кәсіптік мамандар даярлау. 

Берілетін дәреже
«7М09101 Ветеринарлық  медицина»  білім беру бағдарламасы  бойынша ветеринария ғылымдарының магистрі  
Маман лауазымдарының тізбесі
мал дәрігері, вет-санитарлық инспектор, ветеринарлық  клиниканың менеджері ,  ветеринарлық препараттар маркетологі, ветеринарлық  мекеме басшысы, ветеринарлық ғылыми-зерттеу мекемесінің ғылыми қызметкері және басшысы және жоғарғы оқу орнының ветеринарлық мамандық оқытушысы.
Кәсіби қызметтерінің нысандары

сала  институттары,  эксперттік,ғылыми-өндірістік мекеме, аудандық, облыстық және  республикалық  мемлекеттік ветеринарлық құрылымдар,административті мекемелер, бақылау-аналитикалық қызмет-керлер,ветеринарлық қызметкерлер құрылымы, ҚМ құрылымы, ІІД, ҰҚК, мемлекеттік облыстық ветери-нарлыққызметкерлер, жоғарғы және ортакәсіптікбілім мекемелері, ғылыми-зерттеу  институтта-ры, әртүрдегі ветеринарлықшаруашылық субъектілері және т.б. 

Кәсіби қызметтерінің функциялары

білім мекемелерінде оқытушылық,өндірісте ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізгенде көмектесу, қоршаған ортаны қорғау, жануарлар үшін дәрі-дәрмектер жасау, арнау; жұқпалы емес аурулардан сақтандыру, әртүрлі бағытта өсіріп жатқан балық, құс және малдарды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан алдын-алу, емдеу және балау.

Жеке қабілеттері  

1. Жалпы азаматтық құндылығы: патриотизм, Отанға деген сүйішпеншілік, адамгершілік, өміршеңдік кезінде анықталатын іскерлігі, адамгершілік сезімділік, заң бұзбаушылық, өзінің азаматтық құқығын сезіну, еркіндігін және міндеттерін.

2.Көңіл-күй, ұнамдылық құндылығы: ептілік, шыдамдылық, физикалық күштің жеткіліктігі; сезім- талдық, шешімге келу; сенімділік, өзіндік ұйғарымға ұмтылу.

3.Интеллектуалді құндылық: жақсы есте сақтау; интеллектісінің жеткіліктігі; эмоциональді төзімділігі;логикалық ойлай білу, өмір өткелінде оқып-үйрене білу.

4.Іскерлік құндылығы: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, икемділік, төзімділік, ұжымда жұмыс жасай білу,шарасыз жағдайларда шартты емес шешім қабылдай білу.

5.Еркіндік - ұйымдастыру құндылығы: нәтижеге ұмытылу, өзіне талапшылдық, өзіне сыншыл болу, ұйымдастырушылық, қарымқатынастығы, жалпы мәдениеттілігі, жігерлілігі, қойылған мақсатқа жету іскерлігі. 

6.Ерекше құндылық: жануарларды шексіз сүйуі.

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер:

1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу;

2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру;

4) мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау;

5) зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларының болу қабілетін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді. 

 


PDF