6М070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
«7M060103 –Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
білім беру бағдарламасы бойынша магистратураның түлек моделі
Білім беру бағдарламасының мақсаты |
САПР саласындағы білім, шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесінде қолданылатын негізгі математикалық модельдер мен әдістер негізінде қазіргі мамандандырылған есептеу құрылғыларын бағдарламалау үшін жоғары білікті мамандарды даярлау |
Берілетін дәреже |
7M060103 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі |
Маман лауазымдарының тізбесі |
өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру жөніндегі Инженер, әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы автоматтандырылған жүйелерді әзірлеу және қызмет көрсету жөніндегі инженер: роботталған кешендер, СББ бар станоктар, автоматтандырылған жобалау жүйелерімен жұмыс істеу жөніндегі инженер, IT – маман, жүйелік бағдарламашы, автоматтандырылған басқару жүйелері жөніндегі инженер, автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеуші |
Кәсіби қызметтерінің нысандары |
бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері болып адам қызметінің түрлі салаларында автоматтандырылған басқару жүйесін әзірлейтін, енгізетін және пайдаланатын әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар табылады. Білім беру ұйымдары: колледждер, ЖОО |
Кәсіби қызметтерінің функциялары |
- робототехниканың зияткерлік құралдарының бағдарламалық инженериясы саласында: робототехниканың зияткерлік құралдарын зерттеу, жобалау, пайдалану, әкімшілік ету, сүйемелдеу болып табылады. - автоматтандырылған жобалау жүйесі саласында мыналар болып табылады: әр түрлі мақсаттағы автоматтандыру және басқару құралдары мен жүйелерін әзірлеу және зерттеу; бірыңғай ақпараттық кеңістік шеңберінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылымдары мен процестерін жобалау және жетілдіру саласындағы зерттеулер. |
Жеке қабілеттері |
1. Жалпы азаматтық қасиеттер: патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық сана-сезімімен, белсенді өмірлік ұстанымымен ,заңға бағынушылығымен, өзінің азаматтық құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін түсінумен айқындалады. 2. Рухани-адамгершілік қасиеттер: ізгілік, адалдық, ар-ождан, басқа сенімдерге төзімділік, бейбітшілік пен әдет-ғұрыптарға көзқарастар, парасаттылық, мейірімділік. 3. Интеллектуалды қасиеттері: білім алу қабілеті, сыни және эмоциялық ойлау қабілеті, ағылшын тілін білу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру, өмір бойы білім алу қабілеті. 4. Іскерлік қасиеттері: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, икемділік, командада жұмыс істей білу, төтенше жағдайларда стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті. 5. Ұйымдастырушылық-ерік қасиеттері: мақсатқа ұмтылу, өзіне талап ету, өзін-өзі бақылау, ұйымшылдық, коммуникабельділік, жалпы мәдениеттің болуы, ерік-жігер, белгіленген мақсатқа жету қабілеті. 6. Ерекше қасиеттері: міндеттерді шеше білу, аналитикалық ойлау , командада жұмыс істей білу, жауапкершілік. |
Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары) |
Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады: 1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу; 2) ақпараттық технологиялар саласымен байланысты жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу; 3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру; 4) мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау; 5) қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар саласында оқытуды жалғастыру. |