Есеп және аудит
«Есеп және аудит» білім беру бағдарамасы бойынша магистратураның
түлек моделі
Білім беру бағдарламасының мақсаты | ||
Экономиканың нақты секторында есеп және аудит саласында кәсіби қызметтің таңдаулы саласында көшбасшы болуға қабілетті және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білімді кәсіби кадрларды даярлау. |
||
Берілетін дәреже | ||
«7М04103 – Есеп и аудит» білім беру бағдарламасы бойынша Бизнес және басқару магистрі» | ||
Маман лауазымдарының тізбесі | ||
бас бухгалтер, қаржы талдаушысы, қаржы директоры, аудитор, консультант, экономист, әкімшілік органдардың маманы, есеп бойынша менеджер, ғылыми қызметкер, ЖОО оқытушысы, колледж оқытушысы. | ||
Кәсіби қызметтерінің нысандары | ||
қызмет түріне, меншік түріне немесе көлеміне қарамастан кәсіпорындар мен фирмалар, экономиканың әртүрлі салаларының ұйымдары: министрліктер мен ведомстволар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, басқару органдары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, консалтингтік ұйымдар, банк жүйесі, ЖОО мен колледждер. |
||
Кәсіби қызметтерінің функциялары | ||
- бухгалтерлік жазбалардың заңнамалық және нормативтік актілермен сәйкестігін тексеру, сондай-ақ кеңес беру қызметтерін (аудит және консалтингтік қызмет) ұсыну; - бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік; - бухгалтерлік есепті реттейтін нормативтік актілерді әзірлеу (нормативтік-әдістемелік қызмет) - есептік-конструкторлық қызмет субъектілерінің, сақтандыру компанияларының, екінші деңгейдегі банктердің, бағалы қағаздар нарығының қаржы қызметінің стратегиясы мен тактикасын бағалау мен талдауды көздейді; кəсіпорынның, коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын бағалау бойынша есептерді жүзеге асыру; инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау, заемшылардың кредиттік қабілеттілігін талдау. - осы мамандық бойынша білім беру қызметі ұйымдарда, мектептерде, лицейлерде, колледждердегі аудиторлық ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша оқыту курстарымен байланысты; |
||
Жеке қабілеттері | ||
|
||
Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары) |
||
Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады: 1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде бухгалтерлік есеп, талдау және аудит саласының озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу; 2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу; 3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру; 4) мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау; 5) бухгалтерлік есеп, талдау және аудит саласында одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларының болу қабілетін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді. |