6М010300-Педагогика және психология
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы
бойынша магистрінің түлек моделі
Білім беру бағдарламасының мақсаты |
Психологиялық-педагогикалық білім беру саласында терең, іргелі және кәсіби дайындықты қажет ететін іс-шараларға мамандарды даярлау, педагогика және психология саласындағы ғылыми жетістіктер негізінде олардың жеке және әлеуметтік дамуына арналған әртүрлі типтегі ұйымдар мен мекемелердің білім беру жүйесі, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуі туралы заманауи гуманистік идеяларды қалыптастыру. |
Берілетін ғылыми дәреже |
«7M01101- Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының педагогикалық ғылымдарының магистрі |
Мамандар тізімі |
педагог-психолог, оқытушы, ғылыми қызметкер, персонал менеджері, психолог-кеңесші |
Кәсіптік қызметтің объектілері |
білім беру ұйымдары; ғылыми-зерттеу мекемелері; әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар; мемлекеттік және бюджеттік мекемелер; шағын және орта бизнес ұйымдары; оқу орталықтары; уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар; оқу институттары; ұйымдар мен мекемелер, оқыту мен білім беру үдерісін қолдау. |
Кәсіби қызметтің функциялары |
- оқыту; - кәсіби қызметте инновациялық психологиялық-педагогикалық әдістер мен технологияларды әзірлеу және қолдану; -оқу процесіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру; - психологиялық-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу; - психологиялық-педагогикалық зерттеулердің заманауи компьютерлік және ақпараттық әдістерін әзірлеу және пайдалану; - білім берудің педагогикасы мен психологиясы саласындағы отандық және шетелдік ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау және қорытындылау; - ұйымдардың қызметкерлері арасында құзыреттілікті қалыптастыруға мониторинг жүргізу. |
Жеке тұлғалық қасиеттері |
жауапкершілік, кәсібилік, еңбекқорлық, икемділік, бейімделу, эмпатия, үйлесімділік, командада жұмыс істей білу, экстремалды жағдайда тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі. |
Педагогикалық ғылым магистрінің оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары) |
Оқу бағдарламасының соңында түлектер: 1) педагогика мен психология саласында осы саладағы озық білімге негізделген білімдер мен түсініктерді дамыту, зерттеу контекстінде идеяларды дамыту және (немесе) қолдануды көрсету; 2) пәнаралық тұрғыдан кең көлемде жаңа ортадағы мәселелерді шешудің түсінігі мен қабілеттілігін, өз білімдерің кәсіби деңгейде қолдану; 3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастар негізінде пікір қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіру; 4) мамандарға да, мамандар еместерге де ақпарат, идеялар, тұжырымдар, проблемалар мен шешімдерді нақты және анық түрде жеткізу;5) зерттеу саласындағы қосымша зерттеулерді өз бетінше жалғастыру үшін қажетті дағдыларды меңгеру. |