Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

6М050700-Менеджмент

«Менеджмент» білім беру бағдарламасы

 бойынша магистратураның түлек моделі 

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Басқару саласындағы жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды, сондай-ақ басқарудың және коммерциялық кәсіпорынның ғылыми, теориялық және практикалық негіздерімен операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметті жүзеге асыру барысында сауда менеджменті саласындағы зерттеушілерді дайында

Берілетін дәреже
«7М04102 Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрі
Маман лауазымдарының тізбесі

коммерциялық директор, CRM-менеджер, инновациялық менеджер, HR-менеджер, логистика жөніндегі менеджер, СЭҚ менеджері, жарнама жөніндегі менеджер, PR жөніндегі менеджер, маркетолог, бренд-менеджер, BTL-менеджер, сату жөніндегі менеджер, қаржы менеджері, сатып алу жөніндегі менеджер, супервайзер, интернет-жоба менеджері, оқытушы.

Кәсіби қызметтерінің нысандары

Бітірушінің кәсіби қызметінің объектілері болып табылады:

-сала мен қызмет саласына қарамастан барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар; 

-мемлекеттік және жергілікті басқару органдары мен инфрақұрылымы (министрліктер, агенттіктер департаменттері, облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктер мен мәслихаттар);

-орта кәсіптік және жоғары оқу орындары;

-ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу және сараптамалық-консалтингтік ұйымдар, ведомствоаралық, өңіраралық және халықаралық ғылыми жобалау ұйымдары.

Кәсіби қызметтерінің функциялары

Кәсіби қызметінің функциялары:

- өндірісті және басқаруды дамытудың негізгі бағыттарын жоспарлау;

- басқару мақсаттары мен міндеттерін анықтау, олардың тиімділігі;

- өндірістік объектінің құрылымын және басқару құрылымын қалыптастыру, өндірістік аппаратты оңтайлы құру;

- өндірістің техникасы мен технологиясын жетілдіру;

- қызметкерлерді ынталандыру, олардың еңбегін жандандыру;

- материалдық және материалдық емес өндіріс саласында инновацияларды енгізу.

Жеке қабілеттері 

Жалпы азаматтық қасиеті:

- Отанға деген сүйіспеншілікті білдіретін патриотизм

- белсенді өмірлік ұстанымымен, азаматтық өзін-өзі танумен, заңға мойынсұнумен, өзінің азаматтық құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін түсінумен айқындалатын азаматтық.

Интеллектуалдық қасиет:

- біліділік

- сыни және эмоциялық ойлау

- ағылщын тілін меңгеру,

- өмір бойы оқи білу.

Ұйымдастырушылық қасиет

- мақсаттылық

- өзіне талап қоя білу

- ұйымдастырушылық

- коммуникабелділік

- белгіленген мақсатқа жету қабілеті.

Рухани-адамгершілік қасиеттері:

- шыншылдық

- намысшылдық

- өзге сенімдерге төзімділік,

- әдептілік.

Іскерлік қасиеттері:

- еңбекқорлық

- жауапкершілік

-  биімделе білу

- ұжымда жұмыс жасай білу

- төтенше жағдайларда стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті.

Ерекше қасиеттер:

- өз ісіне адалдық

- ұқыптылық

- ұзақ мерзімді жұмыс істеу, мансаптық өсуге ұмтылу;

- өмірлік энергияның болуы

- қойылған міндеттерді жедел орындай білу

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер:

1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу;

2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру;

4) мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау;

5) зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларының болу қабілетін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді. 

 


PDF