Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Маркетинг

«Маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша

магистратураның түлек моделі 

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Маркетинг саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды, сондай-ақ негізгі кәсіби функцияларды іске асыруға жоғары деңгейде дайын, өз қызметінің кәсіби салаларын дамыту сипаты мен бағытына конструктивті ықпал ете алатын, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқару қызметінің дағдыларын меңгерту сауда маркетингі саласындағы зерттеушілерді дайындау.

Берілетін дәреже
«7М04106 Маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару  магистрі
Маман лауазымдарының тізбесі

маркетолог, жарнама жөніндегі менеджер, маркетолог – талдаушы, PR – менеджер, маркетинг жөніндегі бөлім басшысы, маркетинг жөніндегі бөлім басшысынығ орынбасары, оқытушы, ғылыми қызметкер

Кәсіби қызметтерінің нысандары

нарықтар (тауар, қор, ақпараттық, капитал, еңбек және т. б.);мемлекеттік мекемелер; қызмет көрсету кәсіпорындары ( қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, туристік фирмалар, экскурсиялық бюро);өндірістік және делдалдық кәсіпорындар; халықаралық сауда палаталары; сауда үйлері; көлік және коммуникация; қойма шаруашылығы; саяси білім беру; қоғамдық ұйымдар; білім беру ұйымдары.

Кәсіби қызметтерінің функциялары

Кәсіби қызметінің функциялары болып табылады:

- барлық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу;

- әртүрлі салаларда маркетингтік зерттеулерді жүзеге асыру;

- сервис стратегиясы мен тактикасын, маркетинг бюджетін және кәсіпорынның бизнес-жоспарын әзірлеуге қатысу;

- кәсіпорынды басқару бойынша қызметті ұйымдастыру, жоспарлау және үйлестіру, нарықтық және салалық экономиканы қалыптастыру;

- ауыл шаруашылығы өнімдерінің халық шаруашылығының әр түрлі салаларына өткізілуін бақылауды жүзеге асыру;

- әр түрлі шаруашылық салаларында агроөнеркәсіп кешенін басқару және бақылау.

Жеке қабілеттері 

Жалпы азаматтық қасиеті:

- Отанға деген сүйіспеншілікті білдіретін патриотизм

- белсенді өмірлік ұстанымымен, азаматтық өзін-өзі танумен, заңға мойынсұнумен, өзінің азаматтық құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін түсінумен айқындалатын азаматтық.

Интеллектуалдық қасиет:

- біліділік

- сыни және эмоциялық ойлау

- ағылщын тілін меңгеру,

- өмір бойы оқи білу.

Ұйымдастырушылық қасиет

- мақсаттылық

- өзіне талап қоя білу

- ұйымдастырушылық

- коммуникабелділік

- белгіленген мақсатқа жету қабілеті.

Рухани-адамгершілік қасиеттері:

- шыншылдық

- намысшылдық

- өзге сенімдерге төзімділік,

- әдептілік.

Іскерлік қасиеттері:

- еңбекқорлық

- жауапкершілік

-  биімделе білу

- ұжымда жұмыс жасай білу

- төтенше жағдайларда стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті.

Ерекше қасиеттер:

- өз ісіне адалдық

- ұқыптылық

- ұзақ мерзімді жұмыс істеу, мансаптық өсуге ұмтылу;

- өмірлік энергияның болуы

- қойылған міндеттерді жедел орындай білу

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

  Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер:

1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу;

2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру;

4) мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау;

5) зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларының болу қабілетін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді. 

 


PDF