Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

6М020300-Тарих

«Тарих» білім беру бағдарламасы

 бойынша магистратураның түлек моделі

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Магистранттарға тарихи білім беру саласындағы кәсіби мәселелерді шешуге, оларды педагогикалық және кәсіби ғылыми-зерттеулер қызметі саласында тәжірибелік дағдылар мен құзыреттерге ие болуға дайындау.

Берілетін дәреже
7М02201 Тарих  білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі
Маман лауазымдарының тізбесі
ЖОО-ның, колледждің оқытушысы, әртүрлі мекемелерде кеңесші және кеңес беруші, мұрағат және мұражай ісінің маманы, кітапхана, бұқаралық ақпарат құралдар, баспалар, қорлар, қауымдастықтар қызметкері, ғылыми зерттеуші.
Кәсіби қызметтерінің нысандары

қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), жоғарғы білім беру орындары, мемлекеттік мекемелер, аналитикалық консалтинг орталықтары, біліктілікті арттыру институттары, ғылыми-зерттеу және аналитикалық орталықтар, қорлар, университеттер, колледждер, гимназиялар, саяси партиялар

Кәсіби қызметтерінің функциялары

 -оқу орындарында тарихи пәндерді оқыту;

- білім берудің, тәрбиенің және дамудың бірлігін қамтамасыз ету;

- оқытудың әдістері мен технологияларын жетілдіру;

- тарих саласында зерттеулердің өзекті бағыттарын анықтау;

- білім алушылар арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу;

- оқу үрдісін ұйымдастыру және тарих мәселелері бойынша кеңестер беру

Жеке қабілеттері 

1. Жалпы азаматтық қасиеттері: Отанға деген сүйіспеншілікпен, азаматтық, белсенді өмір салты, азаматтық өзін-өзі тану, заңға бағыну, азаматтық құқықтарды, бостандықтар мен міндеттерді түсіну арқылы көрініс табатын патриоттық сезім.

2. Рухани және адамгершілік қасиеттері: адамгершілік, адалдық, ар-намыстылық, басқа пікірлерге төзімділік, дүниетанымдық көзқарастар мен әдет-ғұрыптар, адептілік, мейірімділік.

3. Зияткерлік қасиеттері: эрудиция, сыни және эмоционалдық ойлау, ағылшын тілін еркін меңгеру, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, өмір бойы білім алу мүмкіндігі.

4. Іскерлік қасиеттері: еңбекқор, жауапкершілік, икемділік, бейімделу қабілеті, командада жұмыс істеу қабілеті, төтенше жағдайларда стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті.

5. Ұйымдастырушылық және еріктілік қасиеттері: адалдық, өзін-өзі талап ету, өзін-өзі тану, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, ортақ мәдениетке ие болу, мақсатқа жету қабілеті.

6. Ерекше қасиеттері: кәсібилік

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады:

1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу;

2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру;

4) мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау;

5) зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларының болу қабілетін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді. 

 


PDF