6М021000-Шетел филологиясы
«Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы
бойынша магистратура түлек моделі
Білім беру бағдарламасының мақсаты |
Шетел тілін білетін мамандарды қажет ететін шетел тілін оқыту саласындағы мамандарды, сондай-ақ басқару саласындағы мамандарды мемлекеттік / мемлекеттік емес ұйымдардағы педагогикалық және ғылыми қызмет бойынша мамандарды дайындау |
Берілетін дәреже |
«7M02303 - Шетел филологиясы»білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдары магистрі/ тіл білімі магистрі |
Маман лауазымдарының тізбесі |
Оқытушы, зерттеуші, ғылыми қызметкер, редактор, аудармашы, референт. |
Кәсіби қызметтерінің нысандары |
Магистратураның кәсіби қызметінің нысандары: - ЖОО, орта білім беретін оқу орындары: гимназиялар мен лицейлер; - газеттер мен журналдардың редакциялары, радио және теледидар, баспалар; - мамандандырылған ғылыми ұйымдар, кітапханалар, мәдени ұйымдар; - тиісті профильдегі ғылыми ұйымдар; - халықаралық ұйымдар; - қоғаммен байланыс бөлімдері; - газет және журналдар редакторлары, радио және теледидар, баспалар. |
Кәсіби қызметтерінің функциялары |
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; - аудармалар; - мәтіндерді редакциялау, оның ішінде шетел тілдерінде; - оқу орындарында сабақ өткізу және лекция оқу; - білім беру саласындағы менеджмент; - халықаралық ұйымдар мен бизнес-құрылымдарда шетел тілдеріндегі бизнес-құжаттаманы жүргізу. |
Жеке қабілеттері |
1. Зияткерлік қасиеттері: зерттеу дағдылары, эрудиция, сыни және эмоционалды ойлау, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды білу, өмір бойына үйренуге қабілетті. 2. Іскерлік қасиеттері: аналитикалық ақыл-ой, еңбекқорлық, жауапкершілік, икемділік, бейімделу қабілеті, командада жұмыс істеу қабілеті, төтенше жағдайлардағы стандартты емес шешімдерді қабылдау қабілеті, жұмыстың дәлдігі. 3. Ұйымдастыру және еріктілік қасиеттері: психикалық тұрақтылық, өзін-өзіне талап ету, өзін-өзі сынау, ұйымдастыру, қарым-қатынас, ортақ мәдениеттің болуы, мақсатқа жету қабілеті. |
Шетел филология магистрінің оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары) |
Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады: 1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген шетел филологиясы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу; 2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу; 3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру; 4) мамандарға және басқаларға ақпаратты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау; 5) зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыруға қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру. |