7М04105 Мемлекеттік және жергілікті басқару
«Мемлекеттік және жергілікті басқару»
білім беру бағдарламасы бойынша магистратураның түлек моделі
Білім беру бағдарламасының мақсаты | ||
Әлеуметтік сала саласындағы қызмет үшін жоғары білікті мамандарды, сондай-ақ елдің экономикадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін күшті сараптамалық, зерттеу және көшбасшылық қасиеттері мен командалық жұмыс дағдылары бар қазіргі заманғы менеджмент саласындағы зерттеушілерді даярлау |
||
Берілетін дәреже | ||
«7М04105 Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрі | ||
Маман лауазымдарының тізбесі | ||
басқарушылық лауазымдар; мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік компаниялардың экономистер; қаржылық кредиттік секторда басқарушылық құрылымдарда экономист-менеджерлер; орталық және жергілікті басқару органдарының экономистері. |
||
Кәсіби қызметтерінің нысандары | ||
Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен әкімшілігі; ҚР Парламентінің аппараты; ҚР Үкіметінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелері; экономика және қаржыны басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер)); жергілікті басқару органдары (аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімдіктері) және атқарушы органдардың аппараттары; ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар және басқалар. |
||
Кәсіби қызметтерінің функциялары | ||
Кәсіби қызметінің функциялары: - өндірісті және басқаруды дамытудың негізгі бағыттарын жоспарлау; - басқару мақсаттары мен міндеттерін анықтау, олардың тиімділігі; - өндірістік объектінің құрылымын және басқару құрылымын қалыптастыру, өндірістік аппаратты оңтайлы құру; - өндірістің техникасы мен технологиясын жетілдіру; - қызметкерлерді ынталандыру, олардың еңбегін жандандыру; - материалдық және материалдық емес өндіріс саласында инновацияларды енгізу. |
||
Жеке қабілеттері | ||
|
||
Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары) |
||
Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер: 1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу; 2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу; 3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру; 4) мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау; 5) зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларының болу қабілетін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді. |