Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

6М050600-Экономика

«Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша

магистратураның түлек моделі

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Компанияның ресурстарын талдау және бағалау, компания үшін дамудың балама нұсқаларын әзірлеу және оларды жүзеге асыру тетіктері, инвестициялар үшін перспективалық бағыттарды анықтау, жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеу және іске қосу бойынша магистранттардың дағдыларын дамыту арқылы компания мінез-құлық стратегиясын және тактикасын қалыптастыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау.

Берілетін дәрежесі
«7М04101 Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі
Маман лауазымдарының тізбесі
әлеуметтік ғылымдар магистрі оқу орнында экономика және статистика, қаржы-шаруашылық бөлімдері, аналитикалық бөлімдер, мемлекеттік және мемлекеттік емес ғылыми ұйымдардағы зерттеуші, жоғары және орта деңгейдегі кәсіпорындардың мамандары, экономика және статистика саласындағы менеджер, сондай-ақ әртүрлі салалар мен меншік нысандарында оқытушы болып жұмыс жасай алады.
Кәсіби қызметтерінің функциялары

- саланың немесе жеке кәсіпкерліктің нақты жағдайында экономикалық процестерді дамыту бойынша жалпы, жеке және нақты экономикалық заңдардың көрінісі мен әрекеттерін зерттеу, сондай-ақ үздік нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін резервтерді анықтау шарттары мен факторлары;

- экономика, талдау, индикативті және стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру;

- ұлттық, өңірлік экономика мен кәсіпорындар деңгейінде болжамды қаржы-экономикалық шешімдер қабылдау және т.б;

- инвестициялық және инновациялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесі.

Жеке қабілеттері  

Жалпы азаматтық қасиеті: өмірлік ұстанымы белсенділігімен айқындалатын патриотизм, азаматтылық  азаматтық сана, заңға бағынушылық, өздерінің азаматтық құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне түсінушілік таныту, азаматтық, ҚР салық заңнамасын білу.

Рухани-адамгершілік қасиеттер: адамгершілік, адалдық, ар-намыс, шыдамдылық, басқа нанымдарға, көзқарастарға, әлем мен салт-дәстүрлерге толеранттық таныту, ұқыптылық, мейірімділік.

Зияткерлік қасиеттер: үлкен ақпарат көлемін өңдеуге және жұмысқа дайындығы, мағлұматтылығы, сыни және логикалық ойлау, жақсы аналитикалық дағдылары, "суретті тұтастай" көру, стратегиялық ойлау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, Excel бағдарламасын сенімді иелену, өмір бойы білім білім алуға ұмтылу, ағылшын тілін меңгеру.

Іскерлік қасиеттер: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, икемділік, тез бейімделу, топта жұмыс істей білу қабілеті,  шұғыл жағдайларда стандартты емес шешімдерді қабылдау, деректердің құпиялылық стандарттарын түсіну, бизнес қағидаттары мен тәжірибесін терең түсіну.

Ұйымдық-еріктік қасиеттер: мақсаткерлік, өзіне талап қоя білуі, өзіне сын көзбен қараушылық, ұйымдастырушылық, қарым-қатынасқа бейімділігі, жалпы мәдениет, ерік-жігер,  қойылған мақсатқа жету үшін қабілеті, тапқырлық, бастамашылдық және идеяларды генерациялау қабілеті, ұжымда және ұжыммен жұмыс жасауға  қажеттілік, жетістік сезімі.

Ерекше қасиеттер: жоғары жұмыс қабілеттілігі,  үздік болу үшін тұрақты түрде талпыну, бәрін ең жақсы түрде істеуге ұмтылу.

Байланыс дағдылары: әріптестер, кең академиялық қоғамдастық пен жалпы қоғаммен қарым-қатынас.

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

 Білім беру бағдарламасы бойынша соңында түлектер:

 

1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу;

 

2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі

 

мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу;

 

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат

 

жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру;

 

4) мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды

 

және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау;

5) зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларының болу қабілетін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді.

 


PDF