Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Мамандықтар және білім беру бағдарламалары

Құрметті талапкер!

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 28 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды жүргізеді. Оқу үрдісі кредит технологиясы бойынша жүргізіледі. Бұл студенттерге өз бетімен оқу пәндерін таңдап жоспарлауға мүмкіндік береді. Университет студенттер үшін әр мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын ұсынады. 

 

«Білім беру бағдарламасы» дегеніміз не? Бұл - пәндер тізімдемесі мен оларды игеру реті, студенттерге таңдаған мамандық бойынша белгілі бір қызмет аясында қолдану үшін нақты кәсіби дағдылары  мен біліктілік тізімі. ЖОО бітірген түлек сұранысқа ие болу үшін білім беру бағдарламасын еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талабын талдау негізінде құрастырамыз.

 

Төменде универститеттің барлық мамандықтары мен білім беру бағдарламаларын берілген. Оларды оқып өз кәсіби қызмет бағытыңды таңда! Білім беру бағдарламалары жөнінде факультет беттерінен толығырақ оқи аласыз. 

 

 

 

Код Мамандық атауы Білім беру бағдарламалары

Білім

6М010300

Педагогика және психология

  • Білім беру жүйесіндегі педагогика және психология
  • Мекемені басқарудағы педагогика және психология

Гуманитарлық ғылымдар және құқық

6М020300

Тарих

  • Ғылыми-педагогикалық және әкімшілік қызметі
  • Мұрағат ісі

6М020500

Филология

  • Тіл білімі
  • Әдебиеттану

6М021000

Шетел филологиясы

  • Әдебиеттану
  • Қолданбалы лингвистика және мәдениаралық коммуникация

6М030100

Юриспруденция

  • Әкімшілік-құқықтық қызмет
  • Қылмыстық-құқықтық қызмет

Әлеуметтік ғылымдар

6М050400

Журналистика

  • Баспа бұқаралық ақпарат құралдары
  • Электронды бұқаралық ақпарат құралдары 

Экономика және бизнес

6М050600

Экономика

  • Кәсіпкерлік экономикасы
  • Инновация экономикасы

6М050700

Менеджмент

  • Саудалық менеджмент
  • Агроөнеркәсіптік менеджмент

Жаратылыстану ғылымдар

6М060200

Информатика

  •  Бағдарламалау және жобаларды басқару
  •  Электроника және телекоммуникациялар

6М060400

Физика

  •  Радиофизика және электроника
  •  ЖОО физиканы оқыту

6М060600

Химия

  • Катализ
  • Қоршаған орта химиясы

6М060700

Биология

  • Қазіргі заманғы ботаника
  • Адам мен жануар биологиясының қазіргі заманғы мәселелері 

Техникалық ғылымдар және технологиялар

6М070400

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 

  • Автоматтандырылған жобалау жүйесі
  • Ақпараттық және бағдарламалық инженерия

6М071800

Электроэнергетика

  • Экологиялық қауіпсіздік және жаңғырмалы энергия көздері

6М072400

Технологиялық машиналар және жабдықтар 

  • Ауылшаруашылық машинажасау
  • Дәнді қайта өндеу

Ауылшаруашылық ғылымдар

6М080100

Агрономия

  •  Танап шаруашылығы
  •  Селекция және тұқым шаруашылығы

6М080200

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

 

  •  Ірі қара мал шаруашылығы, сиыр еті мен сүт өндірудің инновациялық технологиялары
  •  Жылқы шаруашылығы, жылқы шаруашылығындағы инновациялық технологиялар
  •  Құс шаруашылығы,құс шаруашылығындағы инновациялық технологиялар
  •  Қой шаруашылығы, қой шаруашылығының өнімдерін өндіру технологиясы
  •  Шошқа шаруашылығы, шошқа шаруашылығындағы инновациялық технологиялар

 

6М080600

Аграрлық техника және технология

  • Ғылыми-технологиялық қызмет        
  • Көліктік процестердің технологиясы

Қызмет

6М091100

Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару

  • Геоэкология
  • Биоэкология

Ветеринария

6М120100

Ветеринарлық медицина

  • Хирургиялық цикл
  • Эпизоотологиялық цикл
  • Патологоанатомиялық цикл
  • Акушерлік цикл         
  • Терапевттік  цикл
  • Паразитарлық цикл

6М120200

Ветеринарлық санитария

  • Тағам өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігі
  • Мал шаруашылығы кәсіпорындарында ветеринариялық санитариялық қауіпсіздігі

PDF