Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсыновтың140 жылдығына

 

ҚМУ-да көп жылдан бері әртүрлі елдердің ғалымдары көкейтесті мәселелерді талқылау үшін жиналады.12 сәуірде университет базасында халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Ол «Байтұрсынов оқулары – 2013» деп аталды. «Осы заманғы ғылым: проблемалар және «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы негізгі міндеттер" тақырыбына онлайн-семинар өтті. Ол Хакас мемлекеттік университетімен бірлесіп ұйымдастырылды. Негізінен бұл шаралардың барлығы да Ахмет Байтұрсыновтың 140 жылдығына арналды.

 

ҚМУ ректоры Асқар Нәметов өз сөзінде жоо ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзгерістеріне тоқталды. Бұл бағытта ҚМУ-де көп жұмыстар атқарылған. Бірнеше жылдан бері облыстың ірі кәсіпорындарымен бірлесіп студентердің бизнес-жобалары жасалады. Олардың таңдаулылары қаржыландырылып, өндіріске енгізіледі.

 

- Бүгінде жастардың мүмкіндігі мол.Енді қана сабыр сақтау керек және мемлекет тарапынан бизнес жүйелерін қаржыландыруға қол жеткізу керек.

 

-Сіздің еліңізде мұның барлығы бар деп атап өтті Литва университетінің өкілі Альбина Анюлене. 

 

Пленарнлық мәжілісте ҚМУ  профессоры Ақылбек Шаяхмет  «Қазақ халқының рухани көшбасшысы» деген баяндама жасады.. Конференция шеңберінде «А.Байтұрсынов және қазақ қоғамы» дөңгелек үстелі өткізілді. Ахмет Байтұрсыновтың 140 жылдығына арналған «Ұлтым деп соққан жүрек» атты мультимедиалық әдістемелік құралдың тұсаукесері өтті.

 

Аса ірі міндеттерді талқылау аяқталған соң марапатқа кезек келді. ҚМУ ғылыми кеңесінің шешімімен Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасын насихаттауға қосқан үлесі үшін және өскелең ұрпаққа берген тәрбиесі  үшін «Ахмет Байтұрсынов» құрметті медалімен «Костанайские новости» газетінің бас редакторы Сергей Харченко және «Қостанай таны» газетінің бас редакторы Жайберген Болатов марапатталды.  «ҚМУ құрметті қызметкері» құрметті белгісі осы университеттің профессоры Юрий Бондаренкоға табыс етілді. 




PDF