«Ұлтым деп соққан жүрек» атты мультимедиялық-әдістемелік құралы
2013 жылдың 12 сәуір күні А.Байтұрсынұлы ат. Қостанай мемлекеттік университетінде «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» атты халықаралық конференция болып өтті.
Осы конференцияның шеңберінде «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ қоғамы» атты дөңгелек үстелге Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК қатысып, «Ұлтым деп соққан жүрек» атты мультимедиялық-әдістемелік құралының тұсау кесерін өткізді.
2012 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 140 жылдығына байланысты облыстық кітапхананың кітапханаларды дамыту бөлімі орасан зор ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Олар мұрағаттармен, мұражайлармен, А.Байтұрсынұлының ізбасарларымен, кітапхана қорларымен жұмыс болды. Осы жұмыстың арқасында көлемді материал жиналды. Жиналған материалдар ерекше екшеуден өткізілді, барлық деректер толық тексеріліп, «Ұлтым деп соққан жүрек» атты мультимедиялық-әдістемелік құралына енгізілді.
Құрал ЖОО-ның студенттеріне, қазақ елінің дербестігі үшін «жанын-арының садағасы» тұтқан толайым тағдырлы тұлғаның қилы тарихынан хабардар болғысы келетін оқырмандарға арналған.
Мультимедиялық әдістемелік құралдың мақсаты – қазақтың маңдайына біткен, бітім-болмысы бөлек Ахметтей феномен-тұлғаның қиялындағы ұшқыр армандарын іс жүзіне асырған тарихи құбылыс екенін, оны «Алаш көсемі» деп дәріптеген үзеңгілес рухани замандастарының таным-пайымы бойынша ғұламалар ғибратының өміршеңдігін өскелең ұрпаққа таныту.
Құрал 2 тілде: қазақ, орыс тілдерінде шығарылды. Ахмет Байтұрсынұлының портреті, фотоқұжаттар әсем безендіріліп, сарғайған мұрағат деректері енгізілген құрал үлкендердің де, жасөспірімдердің де назарларын аударады деп сенеміз.
Құрал 8 тараудан тұрады. Олар:
1) Өмірбаяны;
2) Мұғалім;
3) Шығармашылығы;
4) Қоғамдық қызметі;
5) Естелік;
6) Зерттеулер;
7) Бұқаралық іс-шаралардың сценарийлері;
8) Библиография;
және қосымша диск, яғни ұстаздың жары, айнымас серігі Бадрисафа Мұхамедсадыққызына арналды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Мультимедиялық әдістемелік құрал |
Шежіре |
Өмірбаяны |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Екінші нұсқадағы айдар (1913 ж. логотип) қойылған Қазақ газетінің беті |
Ахаңның жазу машинасы |
Сарытүбектегі Ахмет туған үй |
А.Байтұрсынұлының ұстаған таяғы |
![]() |
![]() |
![]() |
«Ғасыр саңлағы» медалі |
Ахмет Байтұрсынұлының қолы |
Ахмет Байтұрсынов атындағы орден |
Әрбір тарау мазмұнды және көлемді.
Осындай құралдарды жасау – кітапхананың ақпараттық және тәрбие беру міндетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кітапхана жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі. Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану сапалы, жоғары деңгейдегі құрал жасауға мүмкіндік береді.