Журналистика
«Журналистика» білім беру бағдарламасы
бойынша докторантураның түлек моделі
Білім беру бағдарламасының мақсаты |
Елдің даму болашағын ескере отырып, ЖОО-да ғылыми және оқытушылық қызметке қабілетті зияткерлік, ақпараттық сауаттылық және кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейі бар жоғары білікті медиа-мамандарын дайындау. |
Берілетін дәреже |
«8D03201-Журналистика» мамандығы бойынша PhD философия докторы |
Маман лауазымдарының тізбесі |
- ЖОО оқытушысы; - БАҚ бас редакторы, шеф-редакторы; - консалтингтік қызметтердің, медиалық ҮЕҰ, PR-құрылымдардың жетекшісі, ғылыми кеңесшісі; - министрліктердің, әкімдіктердің, ІІД және өзге де құрылымдардың баспасөз қызметтерінің жетекшісі; - халықаралық медиалық және өзге де ұйымдардың жетекшісі, кеңесшісі. |
Кәсіби қызмет объектілері |
- жоғары оқу орындары; - бұқаралық ақпарат құралдары; - мемлекеттік және үкіметтік органдардың, коммерциялық құрылымдардың баспасөз орталықтары; - Мәдениет және спорт министрлігі; Ақпарат және коммуникация министрлігі; - жарнама агенттіктері; - мемлекеттік және жекеменшікті баспалар; - кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекеттік басқарудың органдары. |
Кәсіби қызметінің функциялары |
- педагогикалық; - консультациялық-сараптамалық; - ғылыми-зерттеу; - ақпараттық-аналитикалық; -басқарушылық. |
Тұлғалық қасиеттері |
1. Жалпы азаматтық қасиеттер: белсенді өмірлік ұстанымымен, заңға бағынушылығымен, өзінің құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін түсінумен айқындалатын патриоттық, азаматтық. 2. Рухани-адамгершілік қасиеттері: адамгершілік, адалдық, ар-намыстылық, төзімділік, парасаттылық, қайырымдылық, белсенді азаматтық ұстаным. 3. Зияткерлік қасиеттері: білімдарлық, сыни және эмоциялық ойлау, ағылшын тілін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру, өмір бойы білім алу қабілеті. 4. Іскерлік қасиеттері: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, икемділік, бейімдегіш, топта жұмыс істей білу, төтенше жағдайларда ерекше шешімдер қабылдау қабілеті. 5. Ұйымдастырушы-ерікті қасиеттер: мақсаттылық, өзіне деген талапшылдық, өзіне сын көзбен қараушылық, ұйымдастырушылық, байланысқа бейімділік, жалпы мәдениеттің болуы, белгіленген мақсатқа жету қабілеті, күйзеліске төзімділік. 7. Ерекше қасиеттері: жұмысқа креативті көзқарас, ғылыми зерттеулер жүргізудегі адалдық. |
Журналист-докторанттардын оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары) |
Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады: 1) медиаортаны зерттеу саласындағы жүйелік түсінікті көрсету, осы салада қолданылатын зерттеу дағдылары мен әдістерін меңгеру; 2) ғылыми негізі бар зерттеу үрдісін ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабәлеттерін көрсету; 3) ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялануға лайықты ғылыми саланың аясын кеңейту үшін жеке бірегей зерттеулермен үлес қосу; 4) журналистика, БАҚ, РR, өзге медиа-қызметтер саласында жаңа және күрделі идеяларды сыни сараптау, бағалау және жинақтау; 5) әріптестер, ғылыми қауымдастық және кең жұртшылыққа өз білімдері мен жетістіктерін хабарлау; 6) білімге негізделген қоғамның технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуы академиялық және кәсіби мәнмәтінінде жылжуына көмектесу. |