Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Агрономия

«Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша

докторантура түлек моделі

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Агрономия саласындағы ғылым, білім және өндіріс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін бере отырып, кәсіптік және ғылыми құзыреттілігі мен оларды практикалық және ғылыми қызметте іске асыру дағдысы бар бәсекеге қабілетті, құзыретті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау

Берілетін дәреже

«8D08101 Агрономия»  білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD )

Маман лауазымдарының тізбесі

аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, шаруа қожалықтарының басшылары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауыл шаруашылығы басқармасының маманы, жоғары оқу орнының аға оқытушысы

Кәсіби қызметтерінің нысандары
агрономия және агрохимия саласында ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысатын мемлекеттік мекемелер, заңды білім беру, әртүрлі меншік нысанындағы ауыл шаруашылығы ұйымдарында басқару қызметі
Кәсіби қызметтерінің функциялары

топырақ құнарлылығын сақтау және молайту; өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғаудың интеграцияланған жүйесін әзірлеу және енгізу; нақты шаруашылықтардың жағдайына қолданылатын егіс алқаптарының құрылымын және ауыспалы егістің схемаларын олардың негізгі қызмет бағытын, сондай-ақ жергілікті жердің топырақ - климаттық ерекшеліктерін ескере отырып дайындау; ауыл шаруашылығы өндірісіне топырақты барынша азайту негізінде өңдеудің энергия және еңбек үнемдейтін тәсілдерін енгізу; агроландшафттарды ескере отырып, шаруашылық алқаптарына кешенді агротехникалық қызмет көрсету.

Жеке қабілеттері 

- белсенді өмірлік ұстанымымен, азаматтық сана-сезімімен, заңға бағынушылығымен, өзінің азаматтық құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін түсінумен айқындалатын Отанға деген сүйіспеншілікпен көрінетін патриоттық.

- ізгілік, адалдық, ар-ождан, басқа сенімдерге төзімділік, бейбітшілік пен әдет-ғұрыптарға көзқарастар, парасаттылық, мейірімділік.

- білім алу қабілеті, сыни және эмоциялық ойлау қабілеті, ағылшын тілін білу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру, өмір бойы білім алу қабілеті.

- еңбексүйгіштік, жауапкершілік, икемділік, командадамен жұмыс істей білу, төтенше жағдайларда стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті.

- мақсатқа ұмтылу, өзіне талап ету, өзін-өзі бақылау, ұйымшылдық, коммуникабельділік, жалпы мәдениеттің болуы, ерік-жігер, белгіленген мақсатқа жету қабілеті.

Оқыту нәтижелері (Дублинде скрипторлары)

Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады:

Білім беру бағдарламасын бітіргеннен кейін түлектер:

1) ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің заманауи технологияларын зерделеу, агрономияда пайдаланылатын өсімдік шаруашылығындағы ілгерілеушілік және зерттеу әдістерін игеру саласын жүйелі түрде түсіндіру;

2) өсімдік шаруашылығындағы маңызды ғылыми процестерді эксперименттерге заманауи ғылыми көзқараспен ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсетеді;

3) ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауды талап ететін өсімдік шаруашылығындағы эксперименттік зерттеулерде өздерінің түпнұсқалық зерттеулерін енгізуге;

4) заманауи өсімдік шаруашылығы технологиясына қатысты эксперименталды зерттеулердегі жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу;

5) өздерінің білімдері мен жетістіктерін әріптестерге, ғылыми қауымдастыққа және жұртшылыққа жеткізу;

6) өсімдік шаруашылығындағы заманауи ғылыми зерттеулерді академиялық және кәсіптік тұрғыда дамытуға, зерттеуге жәрдемдесу.

 


PDF