Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Юриспруденция

«Юриспруденция» білім беру бағдарламасы

 бойынша докторантураның түлек моделі

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогикалық, нормашығармашылық, құқық қорғау және құқық қолдану қызметін жүзеге асыру үшін құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың жоғары деңгейі, құқық, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу саласындағы іргелі білімі мен кәсіби құзыреттілігі бар жоғары білікті мамандарды даярлау

Берілетін дәреже
 «8D04201 Юриспруденция» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) 
Маман лауазымдарының тізбесі
Associate-professor (доцент), жоғары оқу орындарындағы профессор, ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК арнайы оқу орындарының оқытушысы, басшылық лауазымдар: сот жүйесі, құқық қорғау қызметі, заң қызметімен байланысты мемлекеттік қызмет саласында, заң консультациясымен, норма шығармашылық, басқару және сараптама қызметімен байланысты лауазымдар.
Кәсіби қызметтерінің нысандары

құқық қорғау органдары, сот, атқарушы және мемлекеттік билік пен басқарудың өкілді органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, адвокатура, білім беру ұйымдары.

Кәсіби қызметтерінің функциялары

- құқықшығармашылық;

- құқыққолданущылық;

- құқыққорғаущылық;

- сараптамалық-консультациялық;

- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;

- ғылыми-зерттеушілік;

- педагогикалық.

- қоғам мен мемлекеттің тіршілік әрекетінің барлық салаларында құқық пен заңның үстемдігін қамтамасыз ету функциясы;

 - өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттыру функциясы, құқықтық заңдарды бұзудың кез келген көріністеріне төзбеушілік қарым-қатынас функциясы

Жеке қабілеттері  

- әділдік сезімі шиеленіседі;

- гуманизм;

- кәсіби білімнің жоғары деңгейі;

- жалпы мәдениет және кең ой-өрісі;

- өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу;

- қоғамдық белсенділік;

- мақсатқа жетудегі табандылық;

- ұқыптылық, міндеттілік;

- бейімділік;

- басқа пікірді құрметтеу және өз қателіктерін мойындау қабілеті.

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады:

1) зерттеу саласының жүйелі түсінігін көрсету, құқық  салада қолданылатын зерттеу дағдылары мен әдістерін меңгеру;

2) ғылыми көзқараспен зерттеулердің маңызды үдерісін ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсету;

3) ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялануға лайық ғылыми облыстың шекараларын кеңейтуге өзіндік ерекше зерттеулермен үлес қосу;

4) жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу;

5) өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қалың жұртшылыққа хабарлау;

6) білімге негізделген қоғамның технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуының академиялық және кәсіби контекстінде ілгерілетуге жәрдемдесу.

 


PDF