Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ветеринарная санитария

  «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша

докторантураның түлек моделі

 

Философия   докторы  (PhD) –заманауи талаптарға сәйкес өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға, оқытуға  және  өндірістік қызметке қабілеті  бар, тағамдық және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын дағдыларына ие  маман. 
Білім беру бағдарламасының мақсаты

ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізеге дағдысына ие болатын, тағамдық және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын жоғары дәрежелі мамандарды даярлау.

Берілетін  ғылыми  дәрежесі

«8D09102Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы  бойынша философия PhD докторы. 

Маман ретіндегі қызметінің сипаттамасы

ҒЗИ ғылыми қызметкері,; ветеринария бағытында ЖОО – да және колледждерде оқытушысы; меңгеруші; ветеринариялық дәрігері; аға ветеринариялық дәрігері; ВСС ветеринариялық дәрігері;  ветеринариялық дәрігері – бактериолог; ветеринариялық дәрігері – токсиколог (радиолог); ғылыми жетекшісі; аудандық, қалалық, облыстық мемлекеттік территориалды инспекциясының ветеринариялық – санитариялық инспекторы-бас маманы.  

Кәсіптік қызметтің  нысандары

өңдеуші кәсіпорындар; ветеринариялық-санитариялық сараптау және азық-түлік қауіпсіздігі зертханасы; мемлекеттік кеден органдары мен өткізу пункттері; ғылыми-зерттеу институттары; салалық институттар; сараптамалық, ғылыми-зерттеу және өндірістік мекемелер; мемлекеттік ветеринариялық құрылымдар; мемлекеттік және жеке ветеринариялық ұйымдар; орта және жоғары кәсіптік оқу орындары; білім беру секторындағы ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары.

Кәсіптік қызметтің функциялары

1) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету: дайын өнім мен мал шикізатының сапасын және қауіпсіздігін бақылау; жануарлардың өнімділігін жақсарту үшін ветеринариялық шараларды жүргізу; жануарлардан алынған өнімдерді ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай  өндіруді қамтамасыз ету; 2) адамдар мен жануарлардың биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету: жануарлардың, құстардың, балықтардың және аралардың инфекциялық және жұқпалы емес ауруларын балау, алдын-алу және жою; жануарлар мен адамға ортақ ауруларынан халықты қорғау; мемлекет аумағына жұқпалы аурулардың енуінен қорғау; биофармацевтикалық препараттарды, дәрілік заттарды өндіру мен сатуда ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау;
3) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: территорияны антропозооноз ауруларынан қорғау; мемлекеттің аумағын азық-түлік өнеркәсібінен, шикізат пен биологиялық өнімдерді өндіретін кәсіпорындарынан шығатын қалдықтарынан қорғау; 4) білім беру; 5) ұйымдастырушылық; 6) өндіріс пен технология; 7) жоба.

Жеке тұлғалық қасиеттері

- патриотизм, азаматтық, заңға бағынатын; адамгершілік, адалдық, шынайлық;

- эрудиция, сыни және эмоционалды ойлау, ағылшын тілін меңгеру, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, өмір бойы білім алу мүмкіндігі.

- жауапкершілік, икемділік, бейімделу, аналитикалық ойлау, ұжымда жұмыс істеу мүмкіндігі;

- өзін-өзі тану, өзін-өзі сынау, ұйымдастырушылық, қарым-қатынас, ортақ мәдениеттің болуы;

- ғылым және кәсіби қызмет саласындағы білім.

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

Оқу бағдарламасының соңында түлектер:

1) осы салада қолданылатын дағдылар мен зерттеу әдістері тұрғысынан зерттеу саласының жүйелі түсінігін көрсетуге;

2) ғылыми зерттеулердің кешенді үрдістерін жоспарлау, әзірлеу, енгізу және түзету;

3) ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялануға лайық болуы мүмкіндігі бар сала шекараларын кеңейтуге жарамды  ғылыми зерттеулерімен өз үлес қосу;

4) жаңа және кешенді идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу;

5) өздерінің білімдері мен жетістіктерін әріптестерге, ғылыми қауымдастыққа және жұртшылыққа жар етіп жеткізу;

6) білімге негізделген қоғамның дамуына ықпал етеді.

 


PDF