Шетел филологиясы
«Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы
бойынша докторантураның түлек моделі
Білім беру бағдарламасының мақсаты |
Шетел тілдерінің теориялық негіздерін білетін мамандарды қажет ететін мамандарға қажет мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы оқу орындарында, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ білім беру саласындағы мамандарға, менеджментке жаңа қазақстандық буын мамандарын дайындау. |
Берілетін дәреже |
«8D02302 Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы |
Маман лауазымдарының тізбесі |
ғылыми қызметкер, оқытушы-зерттеуші, ЖОО оқытушысы, менеджер, лингвистикалық және шетел тілдерін оқыту саласындағы сарапшы, редактор, білім бөлімінің маманы (бас маман, жетекші). |
Кәсіби қызметтерінің нысандары |
- ЖОО; - мамандандырылған ғылыми ұйымдар; - ғылыми-зерттеу институттары; - аналитикалық орталықтар; - халықаралық ұйымдар; - аудармашылық және аналитикалық бюролар. |
Кәсіби қызметтерінің функциялары |
- шетел тілін оқыту саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын, соның ішінде іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізу; - ЖОО педагогикалық қызмет; - шетел тілін оқыту саласында филология, редакциялық қызмет, әдістемелік қызметпен айналысатын бөлімдердегі менеджмент; - университетте, ғылыми-зерттеу институттарында және т.б. зерттеу бөлімдерін басқару; - лингвистикалық сараптама жүргізу; - редакциялық жұмыс (редакциялау, сілтеме, түсіндіру және аударма). |
Жеке қабілеттері |
1. Зияткерлік қасиеттері: зерттеу дағдылары, эрудиция, сыни және эмоционалды ойлау, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды білу, өмір бойына үйренуге қабілетті. 2. Іскерлік қасиеттері: аналитикалық ақыл-ой, еңбекқорлық, жауапкершілік, икемділік, бейімделу қабілеті, командада жұмыс істеу қабілеті, төтенше жағдайлардағы стандартты емес шешімдерді қабылдау қабілеті, жұмыстың дәлдігі. 3. Ұйымдастыру және еріктілік қасиеттері: психикалық тұрақтылық, өзін-өзіне талап ету, өзін-өзі сынау, ұйымдастыру, қарым-қатынас, ортақ мәдениеттің болуы, мақсатқа жету қабілеті. |
Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары) |
Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады: 1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген шетел филологиясы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу; 2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу; 3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру; 4) мамандарға және басқаларға ақпаратты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау; 5) зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыруға қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру. |