Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Тарих

«Тарих» білім беру бағдарламасы

 бойынша докторантураның түлек моделі

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Докторанттарға тарихи білім беру саласындағы кәсіби мәселелерді шешуге, оларды педагогикалық және кәсіби ғылыми-зерттеулер қызметі саласында тәжірибелік дағдылар мен құзыреттерге ие болуға дайындау.

Берілетін дәреже
8D02201 Тарих  білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)
Маман лауазымдарының тізбесі
ЖОО-ның оқытушысы, ғылыми-зерттеу мекемесінің ғылыми қызметкері, түрлі білім беру бөлімдеріндегі кеңесші және кеңес беруші
Кәсіби қызметтерінің нысандары

Жоғары оқу орындары, зерттеу мекемелер мен ұйымдар, білім беру басқармаларының мекемелері, мемлекеттік өкімет мекемелері, аналитикалық консалтингтік орталықтары

Кәсіби қызметтерінің функциялары

- жоғары білім беру орындарында тарихи және жалпы гуманитарлық пәндерді оқыту;

- ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми жұмыстар жүргізу;

- теориялық және тәжірибелік ғылыми-зерттеулер жүргізу;

- тарих ғылымы саласындағы мәселелерді кәсіби және кешенді талдауды жүргізу;

- оқытудың әдістері мен технологияларын жетілдіру;

- тарих ғылымы саласындағы зерттеулердің тиісті бағыттарын айқындау;

- ғылыми процесті ұйымдастыруға қатысты кеңес беру 

Жеке қабілеттері

1. Жалпы азаматтық қасиеттері: Отанға деген сүйіспеншілікпен, азаматтық, белсенді өмір салты, азаматтық өзін-өзі тану, заңға бағыну, азаматтық құқықтарды, бостандықтар мен міндеттерді түсіну арқылы көрініс табатын патриоттық сезім.

2. Рухани және адамгершілік қасиеттері: адамгершілік, адалдық, ар-намыстылық, басқа пікірлерге төзімділік, дүниетанымдық көзқарастар мен әдет-ғұрыптар, адептілік, мейірімділік.

3. Зияткерлік қасиеттері: эрудиция, сыни және эмоционалдық ойлау, ағылшын тілін еркін меңгеру, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, өмір бойы білім алу мүмкіндігі.

4. Іскерлік қасиеттері: еңбекқор, жауапкершілік, икемділік, бейімделу қабілеті, командада жұмыс істеу қабілеті, төтенше жағдайларда стандартты емес шешімдер қабылдау қабілеті.

5. Ұйымдастырушылық және еріктілік қасиеттері: адалдық, өзін-өзі талап ету, өзін-өзі тану, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, ортақ мәдениетке ие болу, мақсатқа жету қабілеті.

6. Ерекше қасиеттері: кәсібилік

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады:

1) зерттеу саласын жүйелі түрде түсінгенін  көрсету, осы салада қолданылатын дағдылар мен зерттеу әдістерін меңгеру;

2) маңызды ғылыми процестерді ғылыми көзқараспен ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсету;

3) ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайық ғылым саласының шекарасын кеңейтуге өздерінің түпнұсқа зерттеулерін енгізу;

4) жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу;

5) өздерінің білімдері мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және жалпы жұртшылыққа жеткізу;

6) білімге негізделген қоғамның технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуында академиялық және кәсіптік тұрғыда дамытуға жәрдемдесу.

 


PDF